ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРІНДЕГІ «АҚ», «ҚАРА» ТҮСТЕРІНІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ СИПАТЫ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2026/iss2pp39-53
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Тіл – ұлт мәдениетінің айнасы, ол сол халықтың рухани дүниесін, болмысын және мәдени мазмұнын бейнелейді. Ұлттың тілі арқылы адамдар оның әдет-ғұрпын, өмір салтын, ойлау ерекшеліктерін және басқа да мәдени құндылықтарын тереңірек тани алады. Тіл – мәдениеттің ажырамас бөлігі әрі мәдени ақпаратты ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін негізгі құрал. Осы тұрғыдан алғанда, фразеологизмдер белгілі бір ұлттың мәдени ерекшеліктерін айқын көрсетеді. Фразеологизмдер – ұлттық колоритке ие мәдениеттің өнімі. Олардың қалыптасу үдерісіне ұлттық рух, гуманистік құндылықтар және тілдік ерекшеліктер тікелей әсер етеді. Түр-түс атаулары да ұлт мәдениетін танытатын маңызды құралдардың бірі болып табылады. Олар ата-бабаларымыздың мифтік таным-түсінігімен, дүниетанымымен тығыз байланысты. Көп жағдайда түр-түс атаулары ауыспалы мағынада қолданылады, мұны көркем мәтіндерден, фразеологизмдерден, мақал-мәтелдерден айқын байқауға болады. Түр-түс атаулары қазақ және қытай тілдерінің байлығын, көркемдік мүмкіндіктерін ашып көрсетеді. Сондықтан қазіргі тіл білімінде түр-түс атауларының қолданысын және олардың лингвомәдени аспектісін зерттеу өзектілігін әлі де жойған жоқ. Бұл мақалада зерттеу тақырыбының теориялық мәні, аталмыш тақырып бойынша отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектері негізінде зерттеудің мақсат, міндеттері айқындалды. Қазақ халқы мен қытай халқының түр-түс символикасы салыстырылып, нақтылап айтқанда, екі халық түстерінің айырмашылықтары, ұқсастықтары, ерекшеліктері мен қасиеттері талқыланған. Сондай-ақ, құрамында «ақ», «қара» түс компоненттері бар қазақ, қытай тілдерінің фразеологиялық бірліктері жинақталып, фразеосемантикалық топтарға жіктеліп, толық эквивалент фразеологизмдер, жартылай эквивалент фразеологизмдер топтастырылды. Зерттеу материалын жинақтау барысында барлығы 177 фразеологиялық бірлік іріктеліп алынды.Қытай тіліндегі «ақ» және «қара» лексемалары қатысқан фразеологизмдер Дүкен Мәсімханұлы мен А. Абиденқызының «Қытайша-қазақша үлкен сөздігінен», сондай-ақ Н. Абдурақынның «Қытай-қазақ фразеологиялық сөздігінен», Қазақ тіліндегі «ақ» және «қара» лексемалары қатысқан фразеологизмдер Ісмет Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінен» іріктелді.