МИКРООҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2026.2518-1467.1212
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада микрооқыту негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі қарастырылған. Ол үшін зерттеу мәселесінің өзектілігі нормативтік құжаттарға сүйене отырып айқындалып, зерттеу тақырыбына қатысты ғылыми-педагогикалық, психологиялық еңбектерге шолу жасалып, кәсіби құзыреттілікті құраушы дағдылар тобы анықталып, микрооқытудың қарастырылу жайы талданған. Соның негізінде «микрооқыту» ұғымына контент талдау ұсынылған. Микрооқытудың оқыту үдерісіндегі тиімділігі оның құрылымына сай түсіндірілген. Микрооқыту негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіи құзыреттіліктерін қалыптастырудың компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері, қалыптасу деңгейлері белгіленген. Эксперименттік жұмысқа екі өңірдің білім алушылары қамтылып, оның барысы жүйелілікпен баяндалған. Анықтаушы эксперименттік кезеңде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасу деңгейлері сауалнама, тест, практикалық тапсырма және рефлексиялық тапсырма арқылы анықталып, оның жақсартуды қажет ететіндей деңгейде болуына орай қалыптастырушы эксперименттік кезең жоспары құрылған және оның жүру барысы түсіндірілген. Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін құраушы дағдыларды қарастыра келе, микрооқыту негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру бағытындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмысты екі кезеңде жүзеге асырылып оның нәтижесінде авторлар әзірлеген арнайы курстың микрооқыту негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда мүмкіндігі бар деген қорытынды жасаған. Зерттеу мәселесін қарастыру барысында қол жеткізілген теориялық талдаулар мен эксперименттік нәтижелер болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау үдерісінде, кәсіби біліктілікті арттыру курстарында, және осы тақырып аясындағы зерттеулерде қолдануға болатындығы сөз етілген. Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми ұсыныстар әзірленіп берілген.