Қарағанды кеншілерінің күнделікті өмірінің тарихнамасы: кеңестік және шетелдік тәсілдер

Eurasian Journal of History, 2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.31489/3134-9102/2026-31-2/118-138
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада көмір өнеркәсібінің тарихына, саладағы жұмысшы табының қалыптасуы мен дамуына, шахтерлік ортадағы әлеуметтік-мәдени үдерістерге қатысты кеңестік және шетелдік зерттеулердің кешенді тарихнамалық талдауы ұсынылған. Кеңестік кезеңнің тарихнамасы өндірістік жетістіктердікөрсететін және идеологиялық ұстанымдар негізіндегі зерттеулерден тұратын еңбектер шоғырын құрайды; ал әлеуметтік бейімделу, тұрмыстық тәжірибе және күнделікті өмірдің қиындықтары мәселелері ұзақ уақыт бойы назардан тыс қалып келген. Авторлар аймақтың әлеуметтік тарихын зерттеудің тәсілдерін салыстырмалы түрде сипаттайды, шахтерлік тұрмысты зерделеудегі негізгі кезеңдер мен методологиялық өзгерістерді атап өтеді. Тарих ғылымының кеңестік даму кезеңіне идеологиялық детерминизм тән болды, бұл зерттеушілер назарының индустриалдық құрылыстың макропроцестеріне шоғырлануына әкелді. Осы парадигма шеңберінде еңбек рекордының динамикасына, социалистік жарыс институтына және партиялық-мемлекеттік басшылықтың рөліне баса назар аударылды. Шетелдік тарихнама Батыс ғалымдарының кеңестік индустрияландыру феноменіне, жұмысшы қозғалысына және сталиндік модернизацияның әлеуметтік салдарына тұрақтықызығушылығы аясында талданды. Методология еркіндігіне қарамастан, шетел авторларының еңбектерінде тікелей қазақстандық материалға негізделген жергілікті зерттеулердің жетіспеушілігі байқалатыны атап өтілді. Қорытындыда Қарағандыны өзіндік әлеуметтік-мәдени кеңістік ретінде зерделеудің жоғары ғылыми болашағы туралы тұжырым жасалды. Миграциялық көші-қон ағындары,мәжбүрлі еңбек жүйелері және өзіндік индустриялдық бірегейліктің қалыптасу үдерістері тоғысқан ортаны талдауда микротарихи тәсілді қолданудың қажеттілігі негізделді. Мақала Қазақстанның тұтас әлеуметтік тарихын жаңғырту үшін күнделікті тәжірибелерді қалпына келтіре отырып зерттеумаңыздылығын атап көрсетеді.