ТҮСТІ МЕТАЛЛУРГИЯ САЛАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ЖӘНЕ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ОРТАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2026.2518-1467.1219
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазақстанның экономикасы негізінен шикізат өндіруге және бір сатылы өңделген өнімдерге бейімделген. Аталған екі санатта түсті металлургия бағытысының сипаты басым. Сала жалпы ішкі өнімнің 12 %-ын қамтиды, барлық экспорттан түсетін кірістердің 27 % бөлігін құрайды. Өндірілген өнімнің 85 %-дан астамы өңделмеген, шикізат түрінде экспортталады. Түсті металлургия саласы – экономикалық әрі стратегиялық маңызының жоғары бағыт, сол себептен саланың кірістілігінің тұрақтылығы маңызды. Бұл ретте, сұраныс пен бағаға деген әлемдік бағаға деген тәуелсіздікті қамтамасыз ету елдің экономикалық саясатының негізгі міндеті (World Bank, 2023). Осы себептен, мемелкеттің реттеуші және ынталандырушы саясатына баға беру маңызды. Түсті металлургия саласының құрылымына және аталмыш саладағы кәсіпорындардың экономикалық-қаржылық көрсеткіштеріне мемлекеттің фискальды саясаты, терең өңдеуге қойылатын талаптары мен реттеуші саясаты айқын және болжамды әсер етеді деген гипотеза қалыптасты. Гипотезаның шынайылығын тексеру мақсатында сапалы, сандық талдау жұмыстары жүргізілді. Талдау жұмыстары инстуционалдық ортадағы нормативтік-құқықтық базаға контент талдаудан құралды. Ресми статистикалық деректер және саладағы кәсіпорынның қаржылық есептері (KAZ Minerals) арқылы сандық талдау жасалды. Терең өңдеу деңгейіне баға беру үшін экономикалық күрделілік индексі пайдаланылды. Жалпы зерттеу жұмыстарының көрсеткіштері бірізді болмады. 2019 – 2024 жж. саланың өндіріс көлемі шамамен 74%-ға артқан, 5,7-ден шамамен 10 трлн теңгеге дейін өскен. Экспорт көлемі 66 %-ға артып, $ 16,5 млрдқа жуықтаған. 2025 жылдың бірінші жартысының көрсеткіштері бойынша KAZ Minerals-тың мыс өнімдері 4 %-ға азайған. Бұл ретте өнеркәсіп саласындағы өңдеу өнімдерінің үлесі 62,8%-ға жеткен. Соған қарамастан, экономкталық күрделілік индексі теріс көрсеткіш (-0,25) көрсетеді. Осыған байланысты зерттеудің негізгі пәні – өңдеудің жоғары көрсеткіштері мен оның экономикалық күрделігі арасындағы қайшылық. Зерттеу нәтижесі бойынша ұсыныстар қалыптастырылды.