Аңдатпа
Зерттеудің мақсаты – қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі бас, голова және head концептілерінің фразеологиялық бірліктер жүйесінде көрініс табу ерекшеліктерін айқындау.. Бұл зерттеу аталған үш тілде бас концептісі арқылы берілетін ой, мағына және бейнелердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдауға бағытталады. Әр тілдің өзіндік мәдени, әлеуметтік және тарихи контекстін ескере отырып, басконцептісінің тілдік бейнелену сипаты қарастырылады. Сондай-ақ әр халықтың дүниетанымы мен өмір салтына байланысты аталмыш концептінің қолданылу ерекшеліктері анықталады. Жалпы алғанда, бұл зерттеу басконцептісінің әр тілдегі көрінісін және оның фразеологизмдер құрамындағы қызметін зерделей отырып, мәдениетаралық байланыстарды, тілдің құрылымдық ерекшеліктерін және сөздің символикалық мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы – тілдер арасындағы мәдени және тілдік ұқсастықтар мен айырмашылықтарды айқындау арқылы фразеологиялық бірліктердің мағыналық және символикалық ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік беруінде. Әр тілдің мәдени, дүниетанымдық және әлеуметтік құрылымына сүйене отырып, бас/голова/head концептісінің қалыптасу ерекшеліктерін салыстырмалы тұрғыда талдау тілдер арасындағы концептуалдық өзгешеліктерді анықтаудың жаңа әдістемелік көзқарасын ұсынады. Аталған концептілердің түрлі фразеологизмдерде қолданылу сипатын сараптау адамзаттың дүниетанымдық жүйесін, әлемді қабылдау және түсіну тәсілдерін айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зерттеудің ғылыми жаңалығы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдерге салыстырмалы талдау жүргізу арқылы тілдер арасындағы концептуалдық ұқсастықтар мен айырмашылықтарды, сондай-ақ әр халықтың мәдени және когнитивтік ерекшеліктерін терең зерделеуге бағытталғанында көрінеді.