ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ӘРТАРАПТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢБЕК ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ

International Journal of Economics and Project Management, 2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.66608/2617-085x.2026.2.2.003
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын әртараптандыру жүйесіндегі еңбек әлеуетінің дамуын зерттеуге арналған. Зерттеудің өзектілігі аграрлық сектордың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, ауылдық аумақтарды кадрлық қамтамасыз етуді жетілдіру және ауыл шаруашылығы өндірісінің бағыттарын кеңейту үшін жағдайлар жасау қажеттілігіне байланысты. Қазіргі жағдайда еңбек әлеуетін дамыту ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін және ауылдық аумақтардың тұрақтылығын арттыру факторларының бірі ретінде ерекше маңызға ие. Зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасы ауылдық аумақтарының еңбек әлеуетінің қазіргі жай-күйін бағалау және ауыл шаруашылығын әртараптандыру жүйесінде оны дамытудың тұжырымдамалық моделін әзірлеу болып табылады. Зерттеудің әдіснамалық негізіжүйелік тәсіл, талдау және синтез әдістері, статистикалық, салыстырмалы және құрылымдық талдау болды. Зерттеудің ақпараттық базасы демографиялық үдерістерді, ауыл халқының динамикасын және Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамтуды сипаттайтын ресми статистикалық деректер болды. Зерттеу нәтижелері ауыл аумақтарының еңбек әлеуетін қысқартудың, ауыл халқының аграрлық өндіріске тартылу деңгейінің төмендеуінің және ауыл шаруашылығын әртараптандыру үдерістеріне тежеуші әсер етуі мүмкін жұмыспен қамту құрылымының өзгеруінің тұрақты тенденцияларының болуын көрсетті. Еңбек әлеуетін дамыту аграрлық секторды құрылымдық жаңғыртудың және ауылдық аумақтарды орнықты дамытудың маңызды элементі ретінде қарастырылуы тиіс екені анықталды. Жүргізілген зерттеу негізінде Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын әртараптандыру жүйесінде оны қалыптастырудың, пайдаланудың және ұдайы өндірудің өзара байланысты үдерістерін қамтитын еңбек әлеуетін дамытудың тұжырымдамалық моделі әзірленді.Зерттеудің ғылыми жаңалығы ауыл шаруашылығын әртараптандырудың стратегиялық факторы ретіндегі еңбек әлеуетінің рөлін негіздеу және ауылдық аумақтарды дамытудың демографиялық, экономикалық және әлеуметтік ерекшеліктерін ескеретін оны дамытудың тұжырымдамалық моделін әзірлеу болып табылады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы алынған нәтижелерді ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік саясатын жетілдіру, аграрлық секторды кадрлық қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын әртараптандыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру кезінде пайдалану мүмкіндігімен айқындалады.