FORMATION OF PROFESSIONALLY ORIENTED FOREIGN COMPETENCE OF FUTURE IT ENGINEERS BASED ON EMI: CURRENT STATE

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.69927/hlnv7456
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Цифрлық экономиканың жаһандануы және IT-индустрияның трансұлттық сипаты, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында шетел тілін, ең алдымен ағылшын тілін білу болашақ IT-инженерлерді кәсіби даярлаудың ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан жоғары оқу орындарының алдында жоғары білікті мамандарды даярлау міндеті тұр, тек IT саласындағы мамандар ғана емес, сонымен қатар халықаралық жобаларды, кәсіби қауымдастықтарды, бағдарламалық құжаттамаларды қамтитын ағылшын тілді коммуникативтік кеңістікте кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті. Қазіргі кезеңде тілдік емес университеттерде осы құзыретті қалыптастырудың кең таралған тәсілдерінің бірі English as a medium Instruction (EMI) болып табылады. Осыған байланысты, біздің зерттеуіміз EMI-негізінде болашақ IT инженерлердің шеттілдік кәсіби бағытталған құзыретін қалыптастыруға қатысты студенттердің көзқарастары мен қызығушылық деңгейін анықтау және оның қазіргі жағдайын эмпирикалық деректер негізінде сипаттауға бағытталған. Зерттеу барысында теориялық, эмпирикалық және статистикалық әдістер қолданылды. Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерге шолу жасалынды. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің IT мамандығынын 132 студенттер арасында сауалнама жүргізіліп, алынған нәтижелер SPSS Statistics бағдарламасын арқылы өңделінді. Нәтижелер болашақ IT-инженерлердің шеттілдік кәсіби бағытталған құзыретін қалыптастыруға мүдделі екенін, өздерінің кәсіби білімдері мен дағдыларын дамытуға ынталы және ұмтылатынын көрсетті. Сондықтан, осы мәселені шешу арқылы жоғары білім беру ортасында EMI негізінде әзірленген оқу-әдістемелік құралдарды енгізу, EMI негізінде модель әзірлеу, жоғары техникалық білім беру жүйесін жетілдіруге ықпал ететін кәсіптік пәндік оқытуды жүйелі тілдік қолдау тетіктерін енгізу ұсынылады.