Мектеп бағдарламасындағы көркем шығармаларды оқытуда жи платформаларын қолданудың әдістемелік мүмкіндіктері

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.64863/2312-4784/2026-2-52/49-62
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада мектеп бағдарламасындағы көркем шығармаларды оқытуда жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолданудың әдістемелік мүмкіндіктері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – Magicschool.ai, Questgen.ai, Educaplay және Llamagen.ai платформаларының әдебиетті оқыту үдерісіндегі рөлін анықтау және олардың педагогикалық тиімділігін ғылыми тұрғыдан талдау. Зерттеу барысында теориялық талдау, салыстырмалы сипаттама, ғылыми әдебиеттерге шолу және әдістемелік үлгілеу әдістері қолданылды. Сонымен қатар цифрлық білім беру ресурстарының функционалдық ерекшеліктері сараланып, олардың оқу мақсаттарына сәйкестігі бағаланды. Талдау барысында аталған платформаларды мектеп бағдарламасындағы көркем шығармаларды оқытуда қолданудың әдістемелік үлгілері ұсынылды. Нәтижесінде жасанды интеллектке негізделген платформалардың оқу үдерісін интерактивті, визуалды және сараланған форматта ұйымдастыруға мүмкіндік беретіні анықталды. Llamagen.ai платформасы көркем мәтін мазмұнын визуализациялау арқылы оқушылардың шығарманы қабылдауын жеңілдетіп, кейіпкерлер мен оқиғаларды тереңірек түсінуге жағдай жасайды. Educaplay интерактивті тапсырмалар мен ойын элементтері арқылы оқушылардың оқу мотивациясын арттырып, сабаққа белсенді қатысуына ықпал етеді. Questgen.ai мәтін негізінде әртүрлі деңгейдегі сұрақтар мен тест тапсырмаларын автоматты түрде құрастырып, білімді тексеру мен қалыптастырушы бағалауды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал Magicschool.ai оқу тапсырмаларын саралау арқылы оқушылардың жеке ерекшеліктері мен білім деңгейін ескеруге жағдай жасайды. Зерттеу нәтижелері жасанды интеллект құралдарын әдебиетті оқытуда қолдану оқу үдерісінің тиімділігін арттырып қана қоймай, оқушылардың сыни, аналитикалық және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға, мәтінді терең талдау дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететінін көрсетті. Сонымен қатар мұндай платформалар мұғалімнің әдістемелік жұмысын жеңілдетіп, цифрлық білім беру ортасын жетілдіруге мүмкіндік береді.