ҚАРАТАУ ЖАРТАС СУРЕТТЕРІНІҢ ІШКІ СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫН САРАЛАУ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47500/2026.v26.i2.09
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақаланы жазуға арқау болып отырған Тянь-Шаньның солтүстік-батыс сілемі болып табылатын, Қазақстанның оңтүстігіндегі үш облысты (Жамбыл, Түркістан, Қызылорда) бойлай орналасқан Үлкен Қаратау жотасының әр кезеңдегі жартас суреттері. Соның ішінде сонау қола дәуірінен бастап, одан кейінгі ерте темір кезеңдерінің бейнелеу өнерінің арасындағы байланыстарды айқындау көзделеді. Зерттеуде стилистикалық, иконографиялық, семантикалық және салыстырмалы-тарихи әдістер қолданылды.Мақалада Қаратау жартас суреттерінде кездесетін сюжеттік композициялар мен бейнелердің семантикалық астарына және кезеңдерге байланысты стилистикадағы өзгерістерге сараптама жасалды. Бұл образдардың қалыптасуында аймақтың ежелгі тұрғындарының дүниетанымдары мен діни наным-сенімдерін жазба деректердегі мифологиялық мәтіндер және этнографиялық материалдармен салыстыра отырып қарастырылды. Жартас суреттерінде жиі кездесетін «егіздер» тақырыбы, «ғұрыптық шайқас» тақырыбының түпкі астарында әлемдегі «бітпес күрес» тақырыбы, яғни, дуалистік бағыттағы бинарлық сипаттағы бейнелер қарастырылып отыр. Қола дәуірінде пайда болып, негізі қаланған кейбір сюжеттердің өзінен кейінгі ерте темір кезеңінде стилистік өзгеріске ұшырай отырып қалыпты сюжеттік формаға айналуын байқауға болады. Бұл сюжеттік форма кейбір образдардың таралу аймағын анықтауға және кезеңдер арасындағы дүниетанымдық әрі материалдық мәдениетінің сабақтастығын айқындауға мүмкіндік беріп отыр.