ҚАЗАҚ КЕСЕҚАБЫ: КӨШПЕЛІ ТҰРМЫСТЫҢ МУЗЕЙЛІК БЕЙНЕСІ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47500/2026.v26.i2.04
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала қазақтардың дәстүрлі көшпелі тұрмысындағы заттық мәдениет үлгілерінің музей кеңістігіндегі репрезентациясын талдауға арналған. Зерттеудің нысаны ретінде көшпелі өмір салтында кеңінен қолданылған дәстүрлі тұрмыстық бұйымдардың бірі қарастырылып, оның тұрмыстық құрал ретіндегі бастапқы функциясынан музей экспонатына айналу жолы «құрал-экспонат» трансформациясы аясында қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – дәстүрлі бұйымның материалдық, функционалдық және семантикалық қырларын айқындап, музей кеңістігіндегі бейнесін музейтанулық тұрғыдан талдау. Әдіснамалық негізін заттың мәдени өмірбаяны теориясы, музейлік экспозициялық талдау және салыстырмалы-типологиялық әдістер құрайды. Зерттеу материалдары ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі, Өзбекстан тарихи мемлекеттік музейі және Ресей музейлерінде сақталған ұқсас үлгілер пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері көшпелі тұрмыста қолданылған бұл бұйымның тек практикалық қызмет атқарып қоймай, эстетикалық, әлеуметтік және символикалық мәнге ие күрделі этнографиялық нысан болғанын көрсетеді. Сонымен қатар музей экспозицияларында бұйымның бастапқы функциялық контексті сақталмаған жағдайда, оның мәдени мазмұны мен мағыналық қабаттары толық ашылмайтыны байқалды. Қорытындысында дәстүрлі бұйымдарды музейде олардың мәдени және символдық мағынасымен бірге таныстырудың маңызы айқындалды. Мақалада кесеқап жәрмеңкелік сауда арқылы қалыптасқан көшпелі тұрмыстың бейімделу тәжірибесінің материалдық көрінісі және музейлік репрезентация объектісі ретінде қарастырылады.