ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ КОСМОЛОГИЯЛЫҚ СИМВОЛДАР МЕН САКРАЛДЫҚ ТҮСІНІКТЕР(ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47500/2026.v26.i2.13
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бүгінгі күні халық арасында көшпелі қазақ қоғамының дәстүрлі ұлттық зергерлік бұйымдарына деген қызығушылық артып отыр. Алайда әшекей бұйымдарды тек сәндік мақсатта ғана қолдану және оларда бейнеленген ою-өрнектер мен пішіндердің мазмұндық идеясын жеткілікті дәрежеде білмеу зерттеу жұмысының басты мәселесінің біріне айналып отыр. Мақаланың мақсаты – зергерлік әшекейлерде көрініс тапқан аспан әлеміне қатысты символдары бар этнографиялық жәдігерлердің қазақ өркениетіндегі орны мен маңызын айқындау. Зерттеу барысында жалпы ғылыми және арнайы әдістер, соның ішінде семиотикалық және интерпретация жасау әдістері пайдаланылды. Аталған әдістер зерттеу тақырыбының мазмұнын жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді.Зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі қорында сақталған ХIХ–ХХ ғасырларды қамтитын зергерлік бұйымдардағы космологиялық символдар мен сакралдық мәні және олардың атқаратын функциясы қарастыры-лады. Зерттеу нәтижелері дәстүрлі әшекейлерді тек қана сәндік-қолданбалы бұйым емес, сонымен бірге космологиялық жүйелермен сабақтас күрделі сакралдық мағынаға ие этнографиялық мұра ретінде қарастыруға жол ашты. Әшекейлердегі өрнектер мен пішіндер халықтың табиғат, аспан және адам болмысымен байланысын көркем түрде жеткізіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани тәжірибе ретінде сақталғанын дәлелдейді.