A MODEL FOR ENHANCING TEACHERS’ COMPETENCE IN DESIGNING IMMERSIVE VIRTUAL REALITY ENVIRONMENTS USING ARTIFICIAL INTELLIGENCE

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.69927/etno1170
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала жасанды интеллект (ЖИ) арқылы виртуалды шынайылық (VR) ортасын жобалауда педагогтің кәсіби құзыретін дамытуға арналған. ЖИ құралдары 360 контент, 3D нысан, синтетикалық бейне мен диалогтік агенттерді жасауға мүмкіндік береді. Бұрын осындай жұмыс арнайы техникалық білімі бар мамандарға ғана қажет болса, қазір педагогикалық тәжірибеде де қолдануға болады. Бұл педагогтен ЖИ арқылы иммерсивті білім беру ортасын жобалай білу құзыретін талап етеді. Зерттеудің мақсаты ЖИ мен VR-ды сабаққа кіріктіруде педагогтің кәсіби құзыретін дамытуға арналған жобалау моделін ұсыну. Зерттеу әдістеріне ғылыми әдебиеттерді талдау және синтездеу, ЖИ сервистерінің педагогикалық қолданылуын шолу, сондай-ақ қазақстандық оқушылар мен педагогтердің сауалнама нәтижелеріне жүргізілген талдау енгізілді. Нәтижелер оқушылардың ЖИ-ні көбіне ақпарат іздеу (54,3%), аудару (42,2%) және жауап әзірлеу (38,1%) мақсатында қолданатынын көрсетті, ал педагогтер ЖИ мен VR интеграциясын әдістемелік тұрғыдан неғұрлым күрделі міндет ретінде бағалайды (33,0–51,6%). Осы негізде ЖИ құралдарымен сәйкестендірілген бес блоктан тұратын интеграцияланған модель ұсынылды: талдамалы-диагностикалық, дидактикалық, иммерсивті-технологиялық, фасилитациялық және рефлексивті-бағалау. Сонымен қатар «Ғарыш» тақырыбындағы VR оқу үзіндісін әзірлеуге арналған алты сатылы жобалау жұмыс үдерісі нақтыланды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы генеративті ЖИ сервистерінің педагогикалық қолданылуын UNESCO AI Competency Framework for Teachers құрылымымен байланыстыратын интеграцияланған модельді әзірлеумен айқындалады. Практикалық мәні осы модельдің педагогтердің біліктілігін арттыру бағдарламаларын әзірлеуде қолдануға жарамдылығымен сипатталады.