VERKLE АҒАШЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБАНЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53364/24138614_2026_41_2_11
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қытайдың қалдықтар теоремасын қолдана отырып, Verkle ағашына негізделе ұсынылған цифрлық қолтаңбаның тиімділігін эксперименттік бағалау зерттелген. Кілттерді құру, қолтаңбаны қалыптастыру және оны тексеру алгоритмдерін бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленді. Ұсынылған схемада, Verkle ағашы міндеттемелерді ықшамды түрде көрсету үшін қолданылады, ал қытайдың қалдықтар теоремасы модульдік есептеулерді оңтайландыру және қолтаңба жасау мен тексеру операцияларының есептеу тиімділігін арттыру үшін қолданылады. Алгоритмдердің уақыт бойынша сипаттамаларына талдау жасалды, сонымен қатар, күрделілік көрсеткіштері көрсетілді. Статистикалық сенімділікті қамтамасыз ету үшін, эксперименттік нәтижелер көпретті сынақтар жүргізетін бекітілген есептеу платформасында алынды. Құрылған қолтаңба алгоритмінің негізгі параметрлері мен орындалу уақыты бойынша Kate-Zaverucha-Goldberg (KZG) көпмүшелік міндеттемелерінің классикалық схемасының цифрлық қолтаңбасымен салыстырмалы талдау жасалды. Алынған нәтижелер Verkle ағашына қытайдың қалдықтар теоремасын қолдана отырып цифрлық қолтаңбаларды құру перспективалы бағыт екенін көрсетеді.