ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭНЕРГЕТИКА СЕКТОРЫНДАҒЫ АЙНАЛМАЛЫ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДАҒЫ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ОРТАНЫ БАҒАЛАУ

International Journal of Economics and Project Management, 2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.66608/2617-085x.2026.2.2.005
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының энергетика секторында айналмалы экономиканы қалыптастыру мен дамытудың институционалдық ортаның негіздері қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты –ҚазақстанРеспубликасыэнергетика секторында айналмалы экономика қағидаттарын (ресурстық тиімділік, декарбонизация, өндірістік циклдерді тұйықтау) енгізуге ықпал ететін институционалдық ортаның қазіргі жағдайын кешенді бағалау және оны жетілдірудің басым бағыттарын ғылыми негіздеу. Мақсатқа қол жеткізу үшін энергетика және «жасыл» трансформация саласындағы нормативтік-құқықтық және стратегиялық құжаттардың мазмұндық талдауы, басқару құрылымдары, салмақталған агрегаттау әдісіне негізделген Институционалдық тиімділік индексі (IEI)есептеліп, институционалдық компоненттердің интеграциялық деңгейі сандық түрде өлшенді. Аталған индекс нормативтік реттеу сапасы, басқару координациясының деңгейі, экономикалық ынталандыру тетіктерінің дамуы және инновациялық қолдау жүйесі сияқты негізгі өлшемдербойынша қалыптастырылды. Сондай-ақ халықаралық тәжірибені жинақтау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Қазақстанның энергетика секторындағы институционалдық архитектура трансформация кезеңінде және мемлекеттік органдар, бизнес құрылымдар мен қаржы институттары арасындағы үйлестіруді одан әрі күшейтуді қажет етеді. Институционалдық тиімділік индексінің нәтижелері реттеудің фрагментарлығын, айналмалы экономика қағидаттарының стратегиялық құжаттарға жеткіліксіз интеграциялануын және ресурстарды қайта өңдеу мен қайта пайдалану саласындағы экономикалық ынталандырудың шектеулілігін айқындады. Мемлекетаралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, «жасыл» қаржыландыру құралдарын дамыту, экономикалық ынталандыру шараларын енгізу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін кеңейту қажеттілігі негізделді. Жұмыстың теориялық маңыздылығы энергетика саласындағы айналмалы экономиканы институционалдық тұрғыдан сандық бағалау тәсілдерін дамытуда көрінеді. Зерттеу нәтижелері ҚазақстанРеспубликасыэнергетика секторында стратегиялық жоспарлауды жетілдіруге, нормативтік-құқықтық және институционалдық тетіктерді нақтылауға, корпоративтік басқару мен декарбонизация стратегияларын дамытуға, «жасыл» қаржыландыру құралдарын тиімді қолдануға, өңірлік бағдарламаларды бейімдеуге және институционалдық ортаның тиімділігін композиттік индикаторлар арқылы бағалауға әдістемелік әрі практикалық негіз қалыптастырады.