Мониторинг качества воздуха в промышленных центрах: мировой и казахстанский опыт на основе исследования взвешенных частиц (PM2.5, PM10)

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/7yekbv21
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанның өнеркәсіптік қалалары - Өскемен мен Павлодар атмосфералық ауасының сапасын зерттеуге арналған ғылыми жұмыстарға шолу жасалған. Зерттеу барысында PM2.5 және PM10 қатты аэрозольдік бөлшектеріне, сондай-ақ SO2, NOx және CO сияқты газ тәрізді ластаушы заттарға ерекше назар аударылды. Жұмыстың мақсаты - Қазақстан мен әлемнің өнеркәсіптік аймақтарындағы атмосфералық ауа мониторингінің қазіргі жағдайын талдау және аэрозольдік ластануды зерттеудегі ғылыми олқылықтарды анықтау. Кешенді зерттеулер санының шектеулі болуына қарамастан, елімізде PM2.5 және PM10 концентрацияларын, сондай-ақ басым улы газдарды бақылау бойынша белгілі бір эмпирикалық тәжірибе жинақталған. Бұл урбандалған және индустриялық аймақтардағы техногендік жүктеме деңгейін бағалауға және ауа ластануы құрылымы туралы бастапқы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жұмыстың ғылыми жаңалығы қатты аэрозольдік бөлшектердің физика-химиялық сипаттамаларын зерттеудегі отандық және шетелдік тәжірибеге салыстырмалы талдау жүргізумен байланысты. Шолу жұмысы барысында Қазақстанда қатты аэрозоль бөлшектерінің элементтік құрамы, морфологиясы және шығу көздерін зерттеу Еуропа, АҚШ, Қытай және Үндістан елдерімен салыстырғанда жеткіліксіз дамығаны көрсетілді. Аталған елдерде PM2.5 және PM10 аэрозольдік қатты бөлшектерін тұрақты массалық өлшеу жұмыстары спектроскопиялық және масс-спектрометриялық талдау әдістерімен үйлестірілген кешенді мониторинг жүйелері қолданылады. Мұндай тәсіл ластану көздерін дәлірек анықтауға және атмосфераға зиянды шығарындыларды азайтудың тиімді стратегияларын әзірлеуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесінде аэрозоль бөлшектерінің химиялық құрамын, маусымдық өзгергіштігін және кеңістіктік-уақыттық таралу заңдылықтарын анықтауға бағытталған кешенді зерттеулерді жалғастыру қажеттілігі туралы қорытынды жасалды.