Ғарыш инфрақұрылымында FBG сенсоры қамтамасыз ететін заманауи талаптарды зерттеу

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-6836-2026-155-2-106-117
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақала ғарыш инфрақұрылымындағы құрылымдық денсаулықты бақылауды қамтамасыз етуге арналған Fiber Bragg Grating (FBG) сенсорларына негізделген заманауи әдістерді талдауға бағытталған. Ғарыштық ортаға тән радиация, температураның кең ауқымды ауытқуы және механикалық жүктемелер өте кіші деформацияларды жоғары дәлдікпен және ұзақ мерзім бойы бақылауды талап етеді. Зерттеуде FBG сенсорларының жұмыс істеу принципі, Bragg толқын ұзындығының деформация мен температура әсерінен өзгеруі және иондаушы сәулеленудің өлшеу тұрақтылығына ықпалы қарастырылған. Негізгі үш әдіс ұсынылады: радиацияға төзімді FBG сенсорларын қолдану, мультиплекстелген FBG сенсорлық желілері арқылы нақты уақыттағы мониторинг және сенсорларды деформация ең жоғары аймақтарға оңтайлы орналастырып, деректерді интеллектуалды өңдеу. Талдау нәтижелері бұл әдістердің үйлесімді қолданылуы минималды сенсор санымен жоғары өлшеу дәлдігін, жүйенің массасы мен күрделілігін азайтуды және ғарыш құрылымдарының ұзақ мерзімді сенімділігін қамтамасыз ететінін көрсетеді.