Оқушылардың тілдік құзыреттілігін бағалауда мақал-мәтелдерге негізделген диагностикалық әдістер

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2026ped2/7-17
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада орта мектеп оқушыларының тілдік құзыреттілігін ғылыми тұрғыдан бағалау мәселесі қарастырылған. Дәстүрлі әдістерде тілдің формальды қырларын ғана өлшейтіндіктен, астарлы мағынаны тану, прагматикалық сәйкестендіру және мәдени мәнді ұғыну секілді қабілеттер назардан тыс қалады. Зерттеудің мақсаты — мақал-мәтелдерге негізделген диагностикалық әдісті құрастырып, оның жас ерекшелігіне сезімталдығын, контекстілік қолдаудың әсерін және қысқа мерзімді педагогикалық араласудың ықпалын дәлелді түрде сипаттау. Зерттеу тәжірибесінде квази-эксперименттік pre-post дизайн; оқу бағдарламасына сәйкес іріктелген мақал-мәтелдер негізіндегі бес тапсырма форматы (мағынаны өз сөзімен түсіндіру; жағдаятқа сәйкестендіру; толықтыру; мағыналық балама; шығармашылық жазылым); рубрикалық бағалау және сарапшылардың жасырын тексеруі; сапалық контент-талдау және қателер типологиясын жасау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде сынып жоғарылаған сайын астарлы мағынаны түсіну, прагматикалық сәйкестендіру және формулалық бірліктерді қалпына келтіру дағдылары тұрақты түрде нығайды; контекстпен ұсынылған тапсырмаларда, әсіресе кіші жастағыларда, түсіну айқын жақсарады; типтік қиындықтар ретінде сөзбе-сөз интерпретация, паремиологиялық шатастыру және формулалық құрылымды аяқтай алмау анықталды; қысқа, бірақ жүйелі микроблоктар (мақал-мәтелді бірлесіп талдау, жағдаятқа қолдану, рефлексивті кері байланыс) оқушылардың өнімді қолдану дағдыларын күшейтеді. Демек мақал-мәтелдерге негізделген диагностика семантикалық түсіну, прагматикалық қолдану және фразеологиялық репертуарды бір мезгілде бағалайтын, интервенцияға жауап беретін, мәдениетке жауапты өлшеу құралы ретінде ғылыми және практикалық маңызы жоғары; оны жүйелі енгізу тілдік құзыреттілікті кешенді дамытуға мүмкіндік береді.