Толқындық құбылыстарды оқытудың теориясы мен әдістемесіндегі физикалық мазмұндылықтың педагогикалық принциптермен үйлесімділігі

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2026ped2/47-55
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала физикадағы толқындық құбылыстарды ЖОО-да оқытудың теориясы мен әдістемесіне арналған, оның кейбір тұстары орта мектеп бағдарламасы үшін де жарамды. Мақала тақырыбының өзектілігі мен мазмұндық идеясы мынадай тұжырымдар арқылы айқындалған: толқындардың барлық түрін оқытудың біріңғай теориясы мен әдістемесін жасаудағы басты ұстаным — қолданыстағы дәстүрлі тетіктерді педагогикалық принциптерге сәйкестендіру. Бұл үйлесімділік толқындарды оқыту дидактикасының негізгі қозғаушы күші және оқу үрдісі мен оқыту әдіснамасын жүйеге келтіру бағытына тың серпіліс бере алады. Осы бағытта оқыту теориясының қағидаттарын іске асыруға мүдделі әдістемелік әрекеттер толқындардың мазмұндық құрылымына арналған дидактикаға топтасатын болады. Толқындық процестерді сипаттайтын негізгі дифференциялдық теңдеулер, теориялық және негізгі тәжірибелер сабақтастығына негізделген концепциялық сипаттағы тұғырнамалар ұсынылды. Толқындардың түр–сипатына қатысты тақырыптар тізбегі арқылы физикалық мазмұндылықтың педагогикалық принциптермен үйлесімділігі нақтылай ашылып көрсетілген. Зерттеудің әдістері мен материалдарын айқындайтын қағиадалар мен ұстанымдар берілген. Толқындық процестерді сипаттайтын негізгі дифференциялдық теңдеулер, теориялар мен тәжірибелер топтастығына негізделген концепциялық алғышарттар жасалған. Мақаладағы оқыту әдістемесіне сәйкес келетін физикалық мазмұндылық толқындық процестердің тараулары мен ондағы қарастырылатын тақырыптардың жүйесі кейпінде берілді. Дәстүрлі оқыту үлгісіндегі толқындық құбылыстардың кейбір тақырыптарының реттілігіне, мазмұнына, әдістемесіне қатысты бірқатар мәселелер бойынша өзгерістер енгізілді. Толқындық мазмұндылықтың педагогикалық принциптермен үйлесуіне қажетті тұжырымдамалар іріктеліп, олар әдістемелік және теориялық тұрғыда бағаланды. Бұлар толқындарды оқыту әдістемесінің жаңашылдық қырын көрсететін негізгі ұғымдар ретінде қолданылады.