ӘБІЛҒАЗЫ БАҺАДҮР ХАН ШЕЖІРЕСІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН БІРҚАТАР ЭТНОНИМДЕРДІҢ ШЫҒУ ТЕГІ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47500/2026.v25.i1.09
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада Әбілғазы Баһадүр ханның «Шежіре-и теракиме» еңбегінде кездесетін бірқатар түркі этнонимдерінің шығу тарихы мен семантикалық дамуы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – шежірелік мәтінде берілген этнонимдерге қатысты халықтық этимология үлгілерін анықтап, оларды қазіргі түркологиядағы ғылыми тұжырымдармен салыстыру арқылы этнонимдердің тарихи-этнолингвистикалық табиғатын ашу. Зерттеу материалы ретінде XVII ғасырда жазылған Әбілғазы Баһадүр ханның «Шежіре-и теракиме» еңбегі алынып, қарлық/қарлұқ, қыпшақ, ұйғыр, татар, қытай сияқты этнонимдер талдау нысаны ретінде қарастырылды. Аталған жәдігер – түркі халықтарының тарихынан, мәдениетінен, этнографиясынан құнды мәліметтер беретін орта ғасырлық жазба ескерткіш. Бұл еңбек – Оғызнама дастанының араб әліпбиімен жазылған нұсқасы. Зерттеу барысында сипаттамалы, тарихи-салыстырмалы, лексика-семантикалық және этимологиялық талдау әдістері қолданылды. Талдау нәтижесінде шежіреде кездесетін этнонимдердің басым бөлігі нақты лингвистикалық этимологиядан гөрі халықтық-мифологиялық түсіндірулерге негізделетіні анықталды. Сонымен қатар, этнонимдердің қалыптасуында табиғи-географиялық, әлеуметтік және саяси факторлардың маңызды рөл атқарғаны көрсетілді. Мақалада шежірелік деректердің этнонимдерді ғылыми тұрғыдан тікелей дәлелдеуден гөрі, түркі халықтарының тарихи жады мен этникалық өзін-өзі тану жүйесін сипаттаудағы маңызы айқындалады. Зерттеу нәтижелері түркі этнонимдерін кешенді тұрғыдан қарастыруға және шежірелік деректерді этнолингвистикалық талдауда тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.