ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ СОЗАҚ: АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫНАН

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47500/2026.v25.i1.01
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қазақ хандығының саяси-экономикалық тарихында елеулі орын алған ортағасырлық Созақ қаласының археологиялық зерттелу тарихы мен негізгі нәтижелері жан-жақты қарастырылады. Негізгі назар Созақ қаласының орнында әр жылдары жүргізілген археологиялық зерттеулерге, әсіресе 2010-2012 жылдар аралығындағы қазба жұмыстарының қорытындыларына аударылған. Зерттеу барысында қаланың топографиясы, құрылымдық бөліктері, мерзімделуі және қорғаныс жүйелері ғылыми тұрғыда талданады. Сонымен қатар Созақтың Қаратаудың теріскей беткейінде орналасқан екі ортағасырлық қала орнынан – Тарсатөбе мен кейінгі Созақтан тұратындығы археологиялық деректер негізінде дәлелденеді. ХХ ғасырдың ортасынан бастап Ә.Х. Марғұлан, А.Н. Бернштам, Л.Б. Ерзакович, А.Н. Подушкин бастаған ғалымдар жүргізген зерттеулердің нәтижелері жүйеленіп, олардың мерзімдемелік тұжырымдары салыстырмалы түрде қарастырылады. Археологиялық және стратиграфиялық деректер Созақ аумағында б.з.д. ІІІ ғасырдан ХІХ ғасырға дейін үздіксіз тіршілік болғанын көрсетеді, бұл қаланың шамамен 2000 жылдық тарихы бар екенін айғақтайды.Сондай-ақ мақалада жазба деректер мен археологиялық мәліметтерді салыстыра отырып, Созақтың ХV–ХVІ ғасырлардағы Қазақ хандығының тірек қалаларының бірі болғаны, маңызды сауда, әскери-стратегиялық және әкімшілік орталық қызметін атқарғаны баяндалады. Қаланың Ұлы дала мен отырықшы өркениет тоғысқан аймақта орналасуы оның экономикалық маңызын арттырған.