ГИПС-ЦЕМЕНТ-ПУЦЦОЛАНДЫ КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛ АЛУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ШИКІЗАТТАРДЫҢ САПАСЫН ЗЕРТТЕУ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2026.2518-1483.452
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ғылыми мақалада гипс-цемент-пуццоланды композициялық материал алу үшін гипс, портландцемент, опока және күл материалдардың жарамдылығын физика-химиялық әдістермен зерттеудің нәтижелері келтірілген. Шикізаттардың сапасын анықтау жұмыстары заманауи құрал-жабдықтардың көмегімен тексерілді. Гипс-цемент-пуццоланды (ГЦП) композициялық материалдарды алудың өзектілігі портландцемент бағасының қымбат және атмосфераға шығаратын СО2 газының мөлшерінің артуымен, «жасыл экономика» принципі бойынша экологиялық таза өнім алумен тікелей байланысты. Зерттеу нәтижесінде гипстің құрамы 29,89% CaO және 38,11% SO3 тұратындығы анықталды. 120-180°C температура аралығында эндотермиялық әсерде екі сулы гипстің жарты сулы гипске, сосын ангидридке өтуі, жалпы 15-16% масса жоғалуы тіркелді. Микроқұрылымы поликристалды болып келген, кальций сульфатының стехиометриялық мәнін толықтай дәлелдейді. Цементтің құрамы 60,87% CaO, 20,48% SiO2 және 5,88% Al2O3 тұратындығы анықталды. 420-580°C температура аралығында портландит минералының Ca(OН)2 сусыздануы анықталды, жалпы 2-3,5% масса жоғалуы тіркелді. Цемент микроқұрылымында C3S және C2S минералдарының басымдығы және аралық фаза C3A+C4AF тұратындығы анықталды. Опоканың құрамы 75,31% SiO2, 1,24% CaO және 9,24% Al2O3 тұратындығы анықталды. 400-520°C температура аралығында сазды минералдардың құрамындағы су молекулаларының жоғалуы анықталды, жалпы 10-11% масса жоғалуы тіркелді. Микроқұрылымы жоғары кеуекті болып келген, аморфты кремний диоксидінің агрегаттарын толықтай дәлелдейді. Күлдің құрамы 58,98% SiO2, 4,05% Fe2O3 және 30,05% Al2O3 тұратындығы анықталды. 380-640°C температура аралығында көміртектің жану мен декарбонизациялану процесінің жүруі анықталды, жалпы 4,5-5,5% масса жоғалуы тіркелді. Микроқұрылымы шыны тәрізді болып келген, жанбаған көміртек қоспаларының бөлшектері анықталды. Жүргізілген физика-химиялық зерттеу нәтижесінде гипс, цемент, опока және күл қосындысынан гипс-цемент-пуццоланды композициялық материал алуға толықтай мүмкіндік бар екендігі дәлелденді.