НЕЙТРОНДЫҚ ИНТЕРФЕРОМЕТРИЯ НЕГІЗІНДЕ ЮКАВА ТИПТІ ҚЫСҚА-ҚАШЫҚТЫҚТАҒЫ ӨЗАРА ӘСЕРЛЕСУЛЕРГЕ ШЕКТЕУЛЕР ҚОЮ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2026.2518-1483.437
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл жұмыста нейтрондық интерферометрия деректері негізінде Юкава типті қысқа-қашықтықтағы өзара әсерлесулерге талдау жүргізілді. Зерттеудің мақсаты — ангстремдік масштабтағы ықтимал гравитациялық модификациялардың әсерін тексеру және олардың параметрлеріне эксперименттік шектеулер қою. Нейтронның кристалда когерентті шашырауын сипаттайтын теориялық модель аясында нормаланған b(Q)/b(0) шашырау амплитудасының импульс берілісіне тәуелділігі қарастырылды. Бұл модельде Стандартты модель шеңберіндегі негізгі әсерлесулер ескеріліп, қосымша ықтимал әсер ретінде Юкава типті түзету енгізілді. Нәтижесінде толық теориялық тәуелділік Стандартты модель үлесі мен жаңа әсерлесудің қосындысы ретінде өрнектелді. Эксперименттік деректермен салыстыру нәтижесінде өлшенген шамалар теориялық болжамдармен жақсы сәйкес келетіні және жүйелі ауытқулар байқалмайтыны анықталды. Осыған байланысты жаңа күшті тікелей анықтау мүмкін болмағанымен, оның ықтимал үлесіне қатаң шектеулер қойылды. Жүргізілген сәйкестендіру нәтижесінде λ≈0.1–1 Å диапазонында αG параметрінің жоғарғы мәндері анықталды. Алынған нәтижелер көрсеткендей, егер қысқа-қашықтықтағы қосымша өзара әрекеттесу бар болса, оның күші гравитациямен салыстырғанда айтарлықтай әлсіз болуы тиіс. Бұл нейтрондық интерферометрияның атомаралық масштабтарда жоғары сезімтал әдіс екенін және оның жаңа физиканы іздеуде тиімді құрал ретінде қолданылатынын көрсетеді.