Бірдей бөлшектер үшін фермионды динамикалы-симметриялық модельді ықшамдау және оны бозондық кеңістікке бейнелеу

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2026.2518-1483.436
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Аңдатпа. Бұл жұмыста бірдей фермиондардан тұратын көпбөлшекті ядролық жүйелерді сипаттауға арналған фермионы динамика-симметриялық модельдің ықшамдалған нұсқасы қарастырылады. Мұндай тәсілге қызығушылық ядролардағы нуклондардың микроскопиялық өзара әсерлесу ерекшеліктерін сақтай отырып, ұжымдық қасиеттерді сипаттаудың ықшам әрі есептеу тұрғысынан тиімді әдістерін құру қажеттілігімен байланысты болды. Зерттеу барысында ядро спектрінің қалыптасуында маңызды рөл атқаратын ұжымдық жұптық күйлерді бөліп көрсету арқылы тәуелсіз айнымалылар санын азайту мүмкіндігі талданады және көрсетілді. Орташа және ауыр атомдық массалы ядролардың ұжымдық күйлерін қабықшалық-нуклондық тұрғыдан сипаттау әлі де күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан, ұжымдық қозуларды макроскопиялық түрде зерттейтін модельдер әрдайым үлкен қызығушылық тудыртумен қатар олардың ядролардың дәстүрлі қабықшалық құрылымымен байланысы жеткілікті түрде берік емес. Ал бұларға қарағанда, көпнуклонды жүйелердің ұжымдық қозуларын сипаттауға ұсынылған фермионды динамика-симметрия моделі ядролардың қабықшалық моделімен тікелей байланысты болып табылады. Негізгі назарда, фермиондық операторларды бозондық кеңістікке бейнелеу процедурасына аударылған болатын. Мұндай түрлендіру өзара әсерлесетін фермиондар жүйесінің күрделі сипаттамасын тиімді бозондық операторларға негізделген қарапайым алгебралық схемаға ауыстыруға мүмкіндік береді. Түрлендіруден кейін Гамильтониан құрылымының едәуір ықшамдалатыны, ал энергия деңгейлерін, ұжымдық қозуларды және ауысу ықтималдықтарын зерттеу айтарлықтай жеңілдейтіні көрсетілді. Сонымен қатар, ұсынылған әдіс бастапқы фермиондық модельдің негізгі симметриялық қасиеттерін сақтайтыны атап өтіледі. Бұл ядролық жүйелердің физикалық сипаттамаларын дұрыс бейнелеуге мүмкіндік береді. Алгебралық және теориялық-топтық әдістерді пайдалану спектрлік заңдылықтарды талдау мүмкіндіктерін кеңейтіп, алынған нәтижелерді түсіндіруді жеңілдетеді. Ұсынылған тәсіл сфералық және әлсіз деформацияланған ядроларды зерттеуде тиімді қолданылып, теориялық ядролық физикадағы есептеу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.