МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН ТЕЛЕПАРАЛЛЕЛЬ ГРАВИТАЦИЯДАҒЫ СЕРПІЛІС РЕЖИМДЕРІНІҢ ДИНАМИКАСЫ

2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2026.2518-1483.442
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл жұмыста гравитациясы аясындағы серпіліс космологиясына параметрлік талдау жүргізіледі. Зерттеудің негізгі мақсаты - модель параметрлерінің серпіліс сценарийінің динамикасына және негізгі космологиялық шамалардың эволюциясына әсерін анықтауболып табылады. Жұмыста сингулярлықсыз космологиялық эволюцияны сипаттайтын серпіліс түріндегі масштабтық фактор қарастырылып, осы параметрлену негізінде Хаббл параметрі, баяулау параметрі, энергия тығыздығы, қысым және күй теңдеуі параметрінің уақыт бойынша өзгерісі зерттеледі. Сонымен қатар энергия шарттарының, атап айтқанда нөлдік, әлсіз, күшті және доминант энергия шарттарының орындалу немесе бұзылу аймақтарына ерекше назар аударылады.Параметрлердің әртүрлі мәндері үшін алынған нәтижелер серпіліс маңындағы физикалық режимдердің ерекшеліктерін сипаттауға, серпіліс нүктесіндегі энергия тығыздығы мен қысымның сипатын анықтауға, сондай-ақ күй теңдеуі параметрінің фантомдық аймаққа өту мүмкіндігін бағалауға мүмкіндік береді. Жүргізілген талдау нәтижесінде серпіліс сценарийінің жүзеге асуы үшін нөлдік энергия шартының бұзылуы маңызды рөл атқаратыны, ал кейбір параметрлік режимдерде доминант энергия шартының сақталатыны көрсетіледі. Зерттеу барысында аналитикалық өрнектер мен графиктік талдау нәтижелері өзара салыстырылып, модель параметрлерінің серпіліс сипатына, энергия шарттарының орындалуына және тиімді космологиялық динамикаға әсері бағаланады. Зерттеу нәтижелері гравитациясындағы серпіліс космологиясының қасиеттерін тереңірек түсінуге жағдай жасайды және модификацияланған гравитация теорияларындағы сингулярлықсыз космологиялық модельдерді одан әрі зерттеу үшін теориялық негіз бола алады. Сонымен бірге алынған қорытындылар серпіліс сценарийлерінің физикалық тұрғыдан жарамды параметрлер облысын анықтауға және болашақта орнықтылық пен космологиялық ұйытқуларды зерттеуге бағытталған жұмыстарға негіз болады.