“Kitāb-ı ʿilm-i ṭıbb” медициналық қолжазбасы: транскрипциясы, ғылыми және мәтіндік талдау негіздері

Turkic Studies Journal, 2026

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2664-5157-2026-2si-178-197
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада шағатай кезеңіне жататын «Kitāb-ı ʿilm-i ṭıbb» қолжазбасының алғашқы екі бетінің транскрипциясы, мәтінді талдау негіздері және бірінші бетінің индекс-сөздігі ұсынылады. Түркі халықтарының XV–XX ғасырлар аралығындағы тарихи кезеңі ғылымда «шағатай кезеңі» атауымен кеңінен белгілі. Бұл кезеңдегі шығармалардың басым көпшілігі діни мазмұнда болғанымен, басқа ғылым салаларына тиесілі мәтіндер де көптеп кездеседі. Солардың бірі және бірегейі – шағатай кезеңіндегі «Kitāb-ı ʿilm-i ṭıbb» медициналық қолжазбасы. Аталмыш кітап Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында сақталған, жалпы кітапқа кодикологиялық сипаттама берілген. Қолжазбада қара сия қолданылған, кейбір бөліктерінде қызыл сия да кездеседі. Жазылған немесе көшірілген уақыты, авторы туралы мәлімет берілмеген. Зерттеулер нәтижесінде аталған шығарманың бүгінгі күнге дейін ғылыми айналымға енгізілмегені анықталды. Бұл мақаланың мақсаты – бұрын ешқандай зерттеу жүргізілмеген, тек каталогта ғана мәліметі берілген медициналық еңбекті таныту және ғылыми айналымға енгізу. Сол мақсатқа жету үшін медициналық еңбектің екі беті транскрипцияланды, алғашқы бетінің индекс-сөздігі жасалды. Сонымен қатар оқылған беттердегі лексикалық қордың үлес салмағы анықталды. Аталмыш мақсатқа жету үшін мәтінтанулық талдау, тарихи-салыстырмалы әдіс, лингвистикалық сипаттама әдісі қолданылды. Отандық және шетелдік зерттеушілер арасында араб графикалы түркі мәтіндерінің транскрипциясы мәселесінде әлі күнге дейін бірізділік сақталмай келеді. Кейбір мәтіндердің оқылуында кирил, кейбіреулерінде латын, ал тағы басқа мәтіндерде екеуінің қатар қолданылғаны көрінеді. Осы себепті бұл мақалада отандық ғалымдар үшін қолданыла алатын транкрипция белгілері Түркі Академиясы тарапынан жарияланған “Qara sözder” кітабындағы латын графикасына қосымша әріптер қосылу арқылы ұсынылып отыр. Зерттеу барысында мәтіннің ғылыми транскрипциясы жасалған соң, мәтіннің лексикалық қоры индекс-сөздікте талданды. Индекс-сөздіктің жасалуында түркиялық ғалымдар тарапынан ұсынылған TÜRKSÖZDİZ 4.3.1 бағдарламасы қолданылды. Қолжазбаның алғашқы беттеріндегі қысқартулар, қолданылған диакритикалық белгілер қарастырылып, шағатай кезеңінің жазба дәстүріне тән ерекшеліктер айқындалды. Нәтижесінде қолжазба мәтін алғаш рет ғылыми айналымға түсіп отыр. Ортағасырлық түркі медициналық қолжазбаларының ішінде көлемі жағынан үлкені екендігі анықталды. Зерттеу нәтижелері шағатай кезеңіндегі медициналық мазмұндағы жазба ескерткіштердің мәтіндік табиғатын тануға, сондай-ақ түркі тілдерінің тарихи лексикасы мен терминологиясын зерттеуге қосымша дереккөз ретінде қызмет етеді. Сонымен қатар, ұсынылған транскрипция мәтіні мен үлгі ретінде берілген индекс-сөздік болашақта түркі жазба мұраларын мәтінтанулық тұрғыдан зерттеу жұмыстарында пайдалануға мүмкіндік береді.