Аңдатпа
Бұл мақалада жоғары оқу орындарындағы студенттердің кәсіби-тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуы мен дамуына дене шынықтыру және спорттың әсері қарастырылған. Студенттің дене шынықтырумен айналысу барысында қалыптастыратын қасиеттері сипатталып, спортпен шұғылданудың адамның физикалық, моральдық және зияткерлік өмір салаларына ықпалы көрсетілген, сондай-ақ студенттердің қозғалыс құзыреттіліктерін қалыптастыруда қолданылатын әдістер талданған