Аңдатпа
Микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігінің артуы микробқа қарсы жаңа агенттерді іздеуді талап етеді, бұл тұрғыда өсімдік тектес биологиялық белсенді қосылыстар ерекше қызығушылық тудырады. Осы зерттеудің мақсаты – Tamarix ramosissima Ledeb. өсімдік шикізатының фитохимиялық құрамын сандық анықтау және әртүрлі экстракция жағдайларында алынған экстракттардың микробқа қарсы белсенділігін бағалау.