КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫ: БЕЙІМДЕЛУ ЖОЛДАРЫ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52260/2304-7216.2026.1(62).13
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада «энергетика саласындағы климаттық өзгерістер» тақырыбы бойынша ғылыми жарияланымдар арасындағы байланыстарды талдау нәтижесінде алынған библиометриялық зерттеу материалдарының интерпретациясы ұсынылады. Бұл тәсіл зерттеу бағыттарының құрылымын айқындауға, ең белсенді елдер мен авторларды анықтауға, сондай-ақ ғылымдағы жаңа және дамып келе жатқан трендтерді бағалауға мүмкіндік береді. Зерттеудің негізгі дереккөзі ретінде халықаралық ғылыми мақалалар мен деректерді индекстейтін Scopus деректер базасы қолданылды. Іздеу сұранысын қалыптастырып, тиісті сүзгілер қолданылғаннан кейін таңдалған жарияланымдар Scopus жүйесінен экспортталып, кейін VOSviewer бағдарламасы арқылы өңделді. Аталған бағдарламаның көмегімен ғылыми зерттеулердің құрылымы, тақырыптық кластерлер, авторлар арасындағы ғылыми байланыстар және халықаралық ғылыми ынтымақтастық желілері анықталды. Нәтижелер VOSviewer бағдарламасы арқылы ғылыми зерттеу ландшафтының библиометриялық карталары түрінде визуализация жасалынды. Талдау нәтижелері энергетика және климаттың өзгеруі мәселелеріне арналған зерттеулердің соңғы жылдары қарқынды өскенін көрсетеді. Әсіресе жаңартылатын энергия көздерін дамыту, көміртегі шығарындыларын азайту, энергетикалық жүйелердің климаттық өзгерістерге бейімделуі және тұрақты энергетикалық саясатты қалыптастыру бағыттарына ғылыми қызығушылықтың артып келе жатқаны байқалады. Сонымен қатар мақалада соңғы 30 жыл ішінде әлемнің әртүрлі елдеріндегі энергетикалық сектордың даму ерекшеліктері мен экономикалық факторлардың ықпалы талданады. The article presents an interpretation of bibliometric research materials obtained from the analysis of relationships between scientific publications on the topic of “climate change in the energy sector.” This approach makes it possible to determine the structure of research directions, identify the most active countries and authors, and assess emerging and developing scientific trends. The Scopus database, which indexes international scientific articles and publications, was used as the main data source. After forming the search query and applying the appropriate filters, the selected publications were exported from the Scopus system and subsequently processed using the VOSviewer software. With the help of this program, the structure of scientific research, thematic clusters, scientific collaboration among authors, and networks of international scientific cooperation were identified. The results were visualized in the form of bibliometric maps of the scientific research landscape using the VOSviewer program. The analysis results indicate that in recent years there has been a significant increase in research devoted to energy and climate change issues. In particular, growing scientific interest is observed in areas such as the development of renewable energy sources, reduction of carbon emissions, adaptation of energy systems to climate change, and the formation of sustainable energy policies. In addition, the article analyzes the development features of the energy sector and the influence of economic factors in different countries around the world over the past 30 years.