ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЛИМАТТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ БАСҚАРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МЕХАНИЗМДЕРІ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52260/2304-7216.2025.1(62).6
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада климаттық экономика жағдайында қоршаған ортаны қорғауды басқарудың заманауи механизмдері, оның ішінде экономикалық, технологиялық және институционалдық реттеу құралдары талданған. Ластаушы заттар шығарындыларын өңірлік саралау және Қазақстандағы табиғатты қорғау іс-шараларына шығындарды бөлу, сондай-ақ экологиялық басқарудың қолданыстағы стратегияларының тиімділігін бағалау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мақала авторлары цифрлық технологиялардың қоршаған ортаны бақылауға, шығарындыларды бақылаудың автоматтандырылған жүйелерін енгізуге және көміртегі нарықтарының ашықтығын арттыру үшін блокчейн технологияларын қолдануға әсерін талддаған. Авторлар нормативтік реттеу, қаржылық ынталандыру және технологиялық модернизацияның үйлесімін қамтитын қоршаған ортаны қорғауды басқарудың кешенді тәсілінің маңыздылығын атап көрсетеді. Мақалада табиғатты қорғау іс-шараларын қаржыландыруды оңтайландыру, экологиялық реттеу жүйесін жетілдіру және бизнестің «жасыл» жобаларға қатысуын ынталандыру әдістері келтірілген. Зерттеу нәтижелері реттеу құралдарын дамытуға, табиғатты қорғауды қаржыландыруды жетілдіруге және озық экологиялық технологияларды жедел енгізуге бағытталған экологиялық саясаттың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды қамтиды. Экологиялық жүктеме мен табиғатты қорғауды қаржыландыру көлемі арасындағы байланысты анықтау үшін шығарындылар деңгейінің экологиялық шығындар мөлшеріне әсерін бағалауға мүмкіндік беретін экономикалық-математикалық модель құрылды. Авторлар тұрақты климаттық экономика шеңберінде цифрландыруды, нарықтық механизмдерді және институционалдық реформаларды интеграциялау қажеттілігі туралы қорытындыға келеді, бұл экологиялық тәуекелдерді азайтуды және ұзақ мерзімді болашақта экономикалық бәсекеге қабілеттілікті нығайтуды қамтамасыз етеді. The article analyzes modern mechanisms of environmental protection management in a climate economy, including economic, technological and institutional regulatory instruments. Special attention is paid to the issues of regional differentiation of pollutant emissions and cost allocation for environmental protection measures in Kazakhstan, as well as evaluating the effectiveness of existing environmental management strategies. The authors of the article analyzed the impact of digital technologies on environmental monitoring, the introduction of automated emission control systems and the use of blockchain technologies to increase the transparency of carbon markets. The authors emphasize the importance of an integrated approach to environmental management, involving a combination of regulatory regulation, financial incentives, and technological modernization. The article presents methods for optimizing the financing of environmental protection measures, improving the environmental regulation system and stimulating business participation in "green" projects. The results of the study include recommendations for improving the effectiveness of environmental policy aimed at developing regulatory instruments, improving environmental financing and accelerating the introduction of advanced environmental technologies. In order to identify the relationship between the environmental burden and the amount of environmental financing, an economic and mathematical model has been built to assess the impact of emissions on environmental costs. The authors conclude that it is necessary to integrate digitalization, market mechanisms and institutional reforms within the framework of a sustainable climate economy, which will reduce environmental risks and strengthen economic competitiveness in the long term.