ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ ДАМУ ТЕҢСІЗДІГІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52260/2304-7216.2025.1(62).1
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада әлеуметтік дамудағы айырмашылықтар айқын байқалатын мәселелер аймақтарды қолдау және аймақтар арасындағы әлеуметтік-экономикалық өзара қатынастарды реттеудің маңызды қырлары жан-жақты негізделіп, ашып көрсетіледі. Зерттеуде аймақтық теңсіздігінің қалыптасуына әсер ететін объективті (структуралық) және субъективті (институционалдық) факторлар жүйелі түрде қарастырылған. Қазақстан аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың теңгерімсіздігі экономика мен әлеуметтік саланың даму деңгейіндегі айырмашылықтар, ресурстық және бюджеттік қамтамасыз етілуінің сәйкессіздігі, сондай-ақ әлеуметтік стратификацияның күшеюі арқылы сипатталады. Қалыптасқан жағдай әлеуметтік мәселесі бар аймақтарды анықтаудың әдіснамасын әзірлеуге және аймақтардағы әлеуметтік айырмашылықтарды бағалаудың әдістемелік тәсілдерін қарастыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, әлеуметтік мәселесі бар аймақтарды даму үдерісін реттеу жүйесінің негізгі тірек элементі басқару тетігі екендігі дәлелденеді. Аталған тәсіл негізінде аймақтық өзін-өзі дамытудың жаңа парадигмасын қалыптастыру ұсынылады. Зерттеудің мақсаты - Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамудың теңгерімділік деңгейін бағалау және аймақтық теңсіздікті төмендетуге бағытталған тиімді ұсыныстар әзірлеу. Сонымен қатар, соңғы он бес жылдың аралығында аймақтардың әлеуметтік дамуының тұрақты деңгейіне кешенді бағалау жүргізіліп, зерттелетін көрсеткіштер жүйесі мен олардың құрылымдық элементтерінің жай-күйі теңдік тұрғысынан сараланды. Зерттеу барысында логикалық және салыстырмалы талдау, жүйелік және аралас тәсілдер, индекстік әдіс және жалпылау әдістері қолданылды. Атырау, Маңғыстау және Түркістан облыстары мысалында аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының теңгерімділік деңгейіне кешенді баға берілді. Зерттеу нәтижелері аймақтық теңсіздіктердің негізгі себептерін айқындауға және оларды төмендетуге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді. Алынған қорытындылар аймақтық саясатты жетілдіруде және басқарушылық шешімдер қабылдауда практикалық маңызға ие. The article comprehensively substantiates and reveals the issues that clearly identify differences in social development, the most important aspects of maintaining regions and regulating socio-economic relations between regions. The study systematically examines objective (structural) and subjective (institutional) factors influencing the formation of regional inequality. The imbalance of socio-economic development in the regions of Kazakhstan is characterized by differences in the level of development of the economy and the social sphere, the discrepancy between resource and budget provision, as well as increased social stratification. The current situation has made it possible to develop a methodology for identifying socially problematic regions and consider methodological approaches to assessing social differences in regions. In addition, it is proved that the main supporting element of the system for regulating the development of socially problematic regions is the management mechanism. Based on this approach, it is proposed to form a new paradigm of regional self-development. The main purpose of the article is to determine the theoretical significance, principles and applied methods for measuring the level of inequality of the national economy and regions, which form the methodological basis for the principles of regulating regional development. In addition, over the past fifteen years, a comprehensive assessment of the sustainable level of social development of the regions has been carried out and the state of the studied system of indicators and their structural elements has been analyzed from the point of view of equality. The study used logical and comparative analysis, systematic and combined approaches, index method, methods of analogy and generalization. A comprehensive assessment of the level of balanced socio-economic development of the regions is given on the example of Atyrau, Mangystau and Turkestan regions. The results of the study make it possible to identify the main causes of regional inequalities and develop scientifically sound recommendations aimed at reducing them. The findings are of practical importance in improving regional policy and making managerial decisions.