Аңдатпа
Бұл мақалада мемлекеттік басқару жүйесіне жасанды интеллектті (ЖИ) енгізудің ұлттық стратегияларына салыстырмалы талдау жасалған. Зерттеуде екі негізгі әдісті қамтитын біріктірілген әдістемелік тәсіл қолданылды. Бірінші тәсіл АҚШ, Қытай, Эстония және БАӘ сияқты жетекші елдердің стратегияларын егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік беретін кейс әдісі. Екінші тәсіл - негізгі терминдерді, тақырыптық модельдеуді және үндестілікті (тональность) талдауды қамтитын мәтіндік талдау. Бұл тәсіл әр ел стратегиясының ерекшеліктерін тереңірек түсінуге, сондай-ақ олардың күшті және әлсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері бойынша әртүрлі елдер ЖИ енгізудің әртүрлі аспектілеріне назар аударатыны анықталды. АҚШ технологияларды жауапкершілікпен пайдалану үшін нормативтік базаны әзірлеу арқылы реттеу және қауіпсіздік мәселелеріне назар аударады. Қытай деректерді бақылау және ақпарат ағындарын басқару үшін ЖИ көмегімен цифрлық бақылауға баса назар аударады. Эстония мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға жасанды интеллектті белсенді түрде енгізуде, бұл мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ашықтығын арттыруға ықпал етеді. БАӘ өз кезегінде интеллектуалды қалаларды дамытуға күш жұмсап, жасанды интеллектті қалалық инфрақұрылым мен қоғамдық қызметтерге біріктіруге тырысуда. Бұл зерттеуде сапалық және сандық талдау үйлесімі арқылы негізгі тенденциялар мен перспективалар анықтала отырып, ЖИ енгізу стратегиялары терең зерттелген. Алынған нәтижелер ұлттық стратегияларды әзірлеу саласы мамандарына, зерттеушілерге және мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясы мәселелерімен айналысатын басқарушыларға пайдалы болуы мүмкін. This article provides a comparative analysis of national strategies for implementing artificial intelligence (AI) in public administration. The study uses a combined methodological approach, which includes two key methods. The first is a case study method, which allows for a detailed study of the strategies of leading countries such as the United States, China, Estonia, and the UAE. The second is text analysis, covering the study of key terms, topic modeling, and sentiment analysis. This approach allows for a deeper understanding of the features of each strategy, as well as identifying their strengths and weaknesses. The study found that different countries focus on different aspects of AI implementation. The United States focuses on regulation and security issues, developing a regulatory framework for the responsible use of technology. China emphasizes digital control, using AI to monitor data and manage information flows. Estonia is actively introducing artificial intelligence into the automation of public services, which helps to increase the efficiency and transparency of public administration. The UAE, in turn, is focused on the development of smart cities, seeking to integrate AI into urban infrastructure and public services. This study confirms that combining qualitative and quantitative analysis allows for a more precise study of AI implementation strategies, identifying key trends and prospects. The findings may be useful for national strategy developers, researchers, and policymakers working in the field of digital transformation of public administration.