Аңдатпа
Бұл зерттеу жұмысы Қазақстанда тұрақты даму жағдайында жасыл энергетикадағы инновацияларды басқару жағдайы мен перспективаларын талдауға арналған. Жасыл энергетикадағы инновацияларды басқару жасыл экономика ұғымымен тікелей байланысты, себебі жасыл экономика тұрақты дамудың стратегиялық парадигмасы ретінде энергетика секторын экологиялық және технологиялық тұрғыдан жаңғыртуды көздейді. Зерттеудің негізгі өзегі – жасыл энергетикадағы инновацияларды басқарудың қазіргі жағдайы, болашақтағы мүмкіндіктері, «жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы. Ғылыми әдебиеттерде жасыл экономика тұрақты дамудың кешенді моделі ретінде сипатталғанымен, оның мақсаттарын іске асыруда нақты салалардағы инновациялық басқару сапасына тәуелді. Осыған байланысты зерттеу барысында жасыл энергетикадағы инновацияларды басқару тетіктерінің тұрақты даму мақсаттарына сәйкестігі бағаланады. Жаһандық климаттық өзгерістер, көміртек шығындыларын қысқарту жөніндегі халықаралық міндеттемелер, сонымен қатар энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі жасыл энергетика саласындағы инновацияларды тиімді басқару жүйесін жетілдірудің маңыздылығын арттырады. Сондай – ақ жасыл энергетикадағы инновацияларды басқару бағыттары айқындалады. Зерттеудің негізгі мақсаты – Қазақстанның жасыл энергетика секторындағы инновацияларды басқару тетіктерін талдау және тұрақты даму мақсаттарына сәйкестігін анықтау. Зерттеу нәтижелері жасыл энергетикадағы инновацияларды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған басқарушылық шешімдер қабылдау үшін ғылыми- тәжірибелік негіз қалыптастырады. This article analyzes the current state and prospects of innovation management in Kazakhstan’s green energy sector within the framework of sustainable development. Innovation management in green energy is closely linked to the concept of the green economy, which promotes the ecological and technological modernization of the energy sector. The research focuses on the current condition of innovation management, future development opportunities, and the implementation of the national project “Green Kazakhstan”. Although the green economy is widely recognized as a comprehensive model of sustainable development, the achievement of its objectives largely depends on the quality of innovation management in specific sectors. Therefore, the study evaluates the extent to which innovation management mechanisms in the green energy sector correspond to sustainable development goals. Global climate change, international commitments to reduce carbon emissions, and the need to ensure energy security increase the importance of improving effective innovation management systems in green energy. The main objective of the research is to analyze innovation management mechanisms in Kazakhstan’s green energy sector and assess their alignment with sustainable development goals. The findings provide a scientific and practical basis for managerial decision-making aimed at improving innovation management in green energy.