SMART AGRICULTURE: АГРАРЛЫҚ ЛОГИСТИКАНЫ ЦИФРЛАНДЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52260/2304-7216.2026.1(62).41
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл ғылыми мақалада дамыған елдердің, оның ішінде Жапония мен Оңтүстік Кореяның халықаралық тәжірибесін ескере отырып, Smart Agriculture тұжырымдамасы аясында Қазақстандағы ауыл шаруашылығы логистикасын цифрландырудың әлеуеті қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – аграрлық саладағы цифрлық технологияларды енгізудің халықаралық тәжірибесін талдау және оларды өзіміздің ұлттық даму жағдайымызға бейімдеу бағыттарын анықтау. Бұл ғылыми мақаланың әдістемелік негізі халықаралық ғылыми жарияланымдар мен аналитикалық есептерді жүйелі зерттеуге негізделген және салыстырмалы талдау, контент-талдау, жүйелік талдау және модельдеу әдістерін қамтиды. Сонымен қатар, зерттеу аясында Қазақстанның аграрлық сектор өкілдері арасында сауалнама жүргізіліп (N=102), алынған деректер статистикалық өңдеуден өткізілді. Зерттеу барысында логистикалық жеткізу тізбектерін оңтайландыру, егін жағдайларын мониторингтеу және ресурстарды тиімді басқару мақсатында IoT технологиялары, Big Data, блокчейн, ERP жүйелері және ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданудың тиімділігі қарастырылды. Эмпирикалық және теориялық талдау нәтижелері аграрлық логистиканы цифрландыру логистикалық шығындарды 15–25%-ға төмендетуге, операциялық өңдеу уақытын 20–30%-ға қысқартуға және өнімділікті 10–20%-ға арттыруға мүмкіндік беретінін көрсетті. Аталған көрсеткіштер жүргізілген сауалнама нәтижелерімен де расталды. Сонымен қатар, Қазақстан жағдайында цифрландыруды енгізу барысында бірқатар шектеулер анықталды, атап айтқанда: жоғары бастапқы инвестициялық шығындар, білікті кадрлардың тапшылығы және ауылдық аймақтардағы цифрлық инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы. Зерттеудің практикалық маңыздылығы агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған аграрлық логистиканы цифрландырудың ғылыми негізделген бағыттарын ұсынуда көрінеді. Сонымен қатар, ұсынылған нәтижелер цифрлық трансформация стратегияларын әзірлеуде, аграрлық сала мамандарын даярлауда және логистикалық процестерді жаңғыртуға бағытталған пилоттық жобаларды іске асыруда қолданылуы мүмкін. This study examines the potential for digitalization of agricultural logistics in Kazakhstan within the framework of the Smart Agriculture concept, taking into account international experience from developed countries such as Japan and South Korea. The aim of the study is to analyze global practices in the implementation of digital technologies in the agricultural sector and to identify directions for their adaptation to national development conditions. The methodological framework is based on a systematic review of international scientific publications and analytical reports, incorporating comparative analysis, content analysis, systems analysis, and modeling methods. In addition, a survey was conducted among representatives of the agricultural sector in Kazakhstan (N=102), and the collected data were processed using statistical methods. The study evaluates the effectiveness of digital technologies such as IoT, Big Data, blockchain, ERP systems, and unmanned aerial vehicles in optimizing supply chains, monitoring crop conditions, and improving resource management. The results of both theoretical and empirical analyses indicate that digitalization of agricultural logistics can reduce logistics costs by 15–25%, decrease processing time by 20–30%, and increase productivity by 10–20%. These findings are supported by the results of the conducted survey. At the same time, several constraints specific to Kazakhstan were identified, including high initial investment costs, a shortage of qualified personnel, and insufficient digital infrastructure in rural areas. The practical significance of the study lies in substantiating directions for the digitalization of agricultural logistics aimed at enhancing the competitiveness of the agro-industrial complex. The findings can be applied in the development of digital transformation strategies, training programs for agricultural specialists, and the implementation of pilot projects for logistics modernization.