Аңдатпа
Қазіргі жағдайда экологиялық жүктемені азайту және оларды жою- дың экономикалық тиімділігін арттыру үшін металлургия өнеркәсібі мен энергетика қалдықтарын тиімді пайдалану өзекті міндет болып табылады. Перспективалы бағыттардың бірі өнеркәсіптік қалдықтар негізінде құрылыс материалдарын өндіру болып табылады. Бұл зерттеу металлургия саласының қалдықтарын қолдана отырып жасалған жылу оқшаулау сипаттамалары жақсартылған авто- клавсыз газдалған бетонды әзірлеуді қарастырады. Жұмыстың негізгі мақсаты – ұялы бетонның құрамын жобалау, оның қасиет- терін зерттеу және алынған материалдардың техникалық–эконо- микалық көрсеткіштерін анықтау. Әзірленген құрамда 3,6 МПа-ға дейін сығымдағыш беріктік және 780 кг/м²-ге дейінгі тығыздық көзделеді, бұл құрылымдық және жылу оқшаулағыш материал- дарға қойылатын талаптарға жауап береді. Микросиликаны қолдану ашық капиллярларды 25 %-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Жұмыс барысында ғылыми әдебиеттерге талдау жүргізілді, ұялы бетон қоспалары мен дайын газдалған бетонның сипатта- малары зерттелді, материалдың құрылымдық қалыптасу процес- тері зерттелді. Сондай–ақ, өндірістік қалдықтарды қабырға материалдарын өндірудің негізгі шикізаты ретінде пайдалану мүмкіндіктері қарастырылған. Нәтижелер құрылыс индустрия- сында экологиялық таза және энергияны үнемдейтін технология- ларды дамытуға ықпал етуі мүмкін.