PHONEME (VOWEL SOUND) RECOGNITION USING MACHINE LEARNING

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51885/1561-4212_2025_4_186
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі таңда сөйлеуді автоматты түрде тану (ASR) жүйелері жасанды интеллект пен машиналық оқытудың дамуына байланысты өзекті бағытқа айналды. Қазақ тіліндегі фонемаларды, әсіресе дауысты дыбыстарды тану саласының жеткілікті дамымауы және цифрлық ресурстардың аздығы зерттеу өзектілігін айқындайды. Зерттеу мақсаты – қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды жоғары дәлдікпен танитын машиналық оқыту үлгісін жасау. Бұл үшін сөйлеу сигналдарын алдын ала өңдеу, MFCC арқылы ерекшелік белгілерін алу және Random Forest, SVM, ANN алгоритмдерін салыстыру жүргізілді. Нәтижесінде ANN моделі ең жоғары дәлдік көрсетті. Алынған нәтижелер қазақ тіліндегі сөйлеуді тану жүйелерінің сапасын арттыруға және болашақта дауыс биометриясы мен дыбыстық интерфейстерде қолдануға мүмкіндік береді.