GEOTECHNICAL CHARACTERIZATION OF TYPE I COLLAPSIBLE SOILS FOR FOUNDATION DESIGN IN LOESS REGIONS

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51885/1561-4212_2025_4_309
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Осы зерттеуде Солтүстік Қазақстанның құрылыс алаңында инженерлік-геологиялық ізденістер кезінде анықталған шөгінді топырақтардың физикалық-механикалық қасиеттерін зертханалық зерттеу нәтижелері ұсынылған. Негізгі назар I түрдегі шөгетін қасиеттері бар құмайтқа (ИГЭ-1) аударылды. Зертқаналық зерттеулер қолданыстағы нормативтік құжаттарға (МемСТ 23161, МемСТ 12248, МемСТ 20522 және т.б.) сәйкес жүргізілді. Топырақтың тығыздығы, ылғалдылығы, кеуектілігі, ағымдық және илемдік шектер, сығылғыштық коэффициенттері мен деформация модульдері анықталған 50 үлгі зерттелді. Табиғи ылғалдылық кезіндегі орташа тығыздық 1,76 г/см³, ал кеуектілік коэффициенті – 0,61. Құмайттардың консистенциясы қатты, ағымдылық көрсеткіші орта есеппен − 1,65. Деформация модулі шамамен 22,5 МПа. Вертикалды жүктеме 0,10 МПа-дан асқанда көпшілік үлгілердің салыстырмалы шөгуі εsl ≥ 0,01 болғаны анықталды, бұл олардың шөгетін топырақтарға жататындығын көрсетеді. Бастапқы шөгу қысымы шамамен 0,1 МПа деп бағаланды. Алынған нәтижелер шөгу қасиеттерді іргетас жобалауда міндетті түрде ескеру қажеттігін көрсетеді. Топырақ негізін тұрақтандыру үшін дренаж, нығыздау және қадалық іргетастарды қолдану ұсыны- лады. Зерттеу нәтижелері шөгетін топырақтар таралған аймақтарда жобалық шешімдерді оңтайландыру үшін қолданылуы мүмкін.