THERMODYNAMIC ANALYSIS OF TITANIUM SLAG AND TITANIUM TETRACHLORIDE PRODUCTION PROCESSES

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51885/1561-4212_2025_4_117
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада титан қожын және титан тетрахлоридін алу мақсатында титан құрамды шикізатты рудотермиялық балқыту және хлорлау үдерістері термодинамикалық тұрғыдан талданады. HSC Chemistry 6 бағдарламалық кешені көмегімен TiO₂, Nb₂O₅ және қоспа элементтерінің (Fe, Si, Al, Mg, Mn, Cr, V) оксидтерімен жүретін негізгі реакциялар үшін Гиббс энергиясының стандартты өзгерістері (ΔG°) есептелді. Титанның TiCl₄ түрінде тиімді хлорлану шарттары және ниобийдің ұшпа қосылыстарға (NbCl₅) немесе оттекті хлоридтерге өту мүмкіндігі анықталды. Fe–Ti–O, Nb–C–O, Ti–O–Al және басқа жүйелер үшін Tpp және Lpp диаграммалары құрастырылып, фазалық тұрақтылық пен қож құрамының әсері зерттелді. Зерттеу көрсеткендей, қоспа элементтері тұрақты қатты фазалық қосылыстар түзеді, бұл хлорлау тиімділігін төмендетеді. Температура, хлордың парциалдық қысымы және қож құрамына қатысты ұсыныстар жасалды, олар титанды және ниобийді барынша тиімді алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Алынған нәтижелер TiCl₄ өндірісінің өнеркәсіптік технологиясын оңтайлан- дыруға және титан қождарын кешенді өңдеудің тиімді схемаларын әзірлеуге кеңінен қолданылуы мүмкін.