Аңдатпа
Бұл жұмыс дәстүрлі WC-Co материалдарына балама ретінде қарастырылатын перспективалы WC-Fe негізіндегі ұнтақтардың морфологиясы мен фазалық құрамына механоактивация (МА) үдерісінің әсерін зерттеуге арналған. 88 масс.% WC–12 масс.% Fe және 95 масс.% WC–5 масс.% Fe құрамындағы композиттер планеталық диірменде (500 айн/мин) 1, 2 және 4 сағат бойы өңделді. Ұнтақтар СЭМ, рентгендік дифракция (XRD) және лазерлік дифракция әдістерімен сипатталды. 1-2 сағаттық МА нәтижесінде кристаллиттердің ұсақталуы (~220 Å), аморфталуы және ақаулар тығыздығының артуы байқалды. Fe мөлшері жоғары болған жағдайда W2C фазасы түзіліп, агрегация азаяды, ал 95 % WC жүйесінде агломерация мен спекание үрдістері күшейеді. Ең тиімді құрылымдық сипаттамалар 1-2 сағат өңдеу кезінде алынады. Бұл нәтижелер құрылымдық эволюцияның құрам мен МА ұзақтығына тәуелділігін көрсетеді және кобальтсыз қатты қорытпаларды дайындау параметрлерін оңтайландыруға негіз бола алады.