АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ АРТЫҚ ДЕНЕ САЛМАҒЫ МЕН СЕМІЗДІГІ БАР БАЛАЛАР АРАСЫНДА STOP-BANG САУАЛНАМАСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ҰЙҚЫНЫҢ ОБСТРУКТИВТІ АПНОЭ СИНДРОМЫНЫҢ ДАМУ ҚАУПІН БАҒАЛАУ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.34689/sh.2026.28.2.008
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) деректері бойынша, әлемде 100 миллионнан астам бала семіздікпен ауырады. Семіздік әртүрлі метаболикалық және жүрек-қантамырлық бұзылыстардың дамуына, сондай-ақ жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы салдарынан ұйқы кезінде тыныстың қайталанатын тоқтау эпизодтарымен сипатталатын ұйқының обструктивті апноэ синдромының (ҰОАС) қалыптасуына алып келеді. MICS (2024) деректеріне сәйкес, Астана қаласында балалар популяциясы арасында артық дене салмағының таралу көрсеткіштері келесідей: 5 жасқа дейінгі балалар арасында — 10,5%, ал 5–9 жас аралығында — 51,5%. Семіздік ҰОАС дамуының маңызды предикторы болып табылады, ал олардың үйлесуі асқынулар қаупін арттырады, сондықтан ерте диагностика және дер кезінде түзету қолайлы болжам үшін шешуші мәнге ие. Зерттеудің мақсаты: қазақ тіліне аударылған STOP-BANG сауалнамасын пайдалана отырып, Астана қаласындағы артық дене салмағы және семіздігі бар балаларда ҰОАС даму қаупін бағалау. Зерттеу материалдары мен әдістері: Астана қаласынан 6–17 жас аралығындағы артық дене салмағы немесе әртүрлі дәрежедегі семіздігі бар 40 баланы қамтитын обсервациялық көлденең зерттеу жүргізілді. Антропометрия (бойды, салмақты, мойын шеңберін өлшеу) және қазақ тіліне бейімделген STOP-BANG сауалнамасы арқылы анкеталау жүргізілді. Алынған деректер Python бағдарламасының көмегімен талданды. Сандық деректер M±SD түрінде ұсынылды, олар үшінКраскел–Уоллис критерийі қолданылды. Санаттық деректер үшін Фишер–Фримен–Холтонның дәл критерийі пайдаланылды. Манн–Уитнидің U-критерийі қолданылды. Айырмашылықтар p < 0,05 деңгейінде статистикалық мәнді деп есептелді. Нәтижелер: артық дене салмағы және семіздігі бар балалардың 30,0%-ында ҰОАС дамуының орташа және жоғары қаупі анықталды. ҰОАС қаупінің жоғарылауымен статистикалық тұрғыдан мәнді байланыс тек қорылдау және күндізгі ұйқышылдық көрсеткіштері үшін анықталды (p < 0,001), ал жас, жыныс, SDS ИМТ, мойын шеңбері және семіздік дәрежесі бойынша мәнді байланыс анықталған жоқ (p > 0,05). Сонымен қатар, SDS ИМТ қорылдаудың болуымен статистикалық тұрғыдан байланысты болды (p = 0,026). Қорытынды: ҰОАС даму қаупін бағалауда ең ақпаратты көрсеткіштер ретінде қорылдау және күндізгі ұйқышылдық анықталды, ал модификацияланған STOP-BANG сауалнамасы тереңдетілген диагностикаға мұқтаж балаларды іріктеу үшін бастапқы скринингтің қолжетімді құралы ретінде қолданылуы мүмкін. According to the World Health Organization (WHO), more than 100 million children worldwide are affected by obesity. Obesity contributes to the development of various metabolic and cardiovascular disorders, as well as obstructive sleep apnea syndrome (OSAS), which is characterized by recurrent episodes of breathing cessation during sleep due to upper airway obstruction. According to MICS (2024), the prevalence of excess body weight among the pediatric population in Astana is 10.5% among children under 5 years of age and 51.5% among those aged 5–9 years. Obesity is an important predictor of OSAS, and their coexistence increases the risk of complications; therefore, early diagnosis and timely correction are crucial for a favorable prognosis. Aim of the study: to assess the risk of developing OSAS in children with excess body weight and obesity in the city of Astana using the STOP-BANG questionnaire translated into the Kazakh language. Materials and methods: An observational cross-sectional study was conducted including 40 children aged 6–17 years from Astana with excess body weight or varying degrees of obesity. Anthropometry (measurement of height, weight, and neck circumference) and a survey using the Kazakh-adapted STOP-BANG questionnaire were performed. The obtained data were analyzed using Python. Quantitative data were presented as M±SD and analyzed using the Kruskal–Wallis test. Categorical data were analyzed using the Fisher–Freeman–Halton exact test. The Mann–Whitney U test was applied. Differences were considered statistically significant at p < 0.05. Results: Moderate and high risk of OSAS was identified in 30.0% of children with excess body weight and obesity. A statistically significant association with increased OSAS risk was established only for snoring and daytime sleepiness (p < 0.001), whereas age, sex, BMI SDS, neck circumference, and degree of obesity did not demonstrate such an association (p > 0.05). At the same time, BMI SDS was statistically associated with the presence of snoring (p = 0.026). Conclusion: The most informative indicators for assessing OSAS risk were snoring and daytime sleepiness, and the modified STOP-BANG questionnaire may be used as an accessible primary screening tool for identifying children requiring further in-depth diagnostic evaluation. По данным ВОЗ, ожирением страдают более 100 миллионов детей по всему миру. Ожирение приводит к формированию различных метаболических, сердечно сосудистых нарушений, а также синдрома обструктивного апноэ сна (СОАС), который проявляется повторяющимися эпизодами остановки дыхания во сне вследствие обструкции верхних дыхательных путей. По данным MICS (2024), в Астане следующие показатели избыточной массы тела среди детской популяции: 10,5% среди детей до 5 лет и 51,5% — в возрасте 5–9 лет. Ожирение является важным предиктором развития СОАС и их сочетание повышает риск осложнений, поэтому их ранняя диагностика и своевременная коррекция имеют ключевое значение для благоприятного прогноза. Цель исследования: оценить риска развития СОАС у детей с избыточной массой тела и ожирением в городе Астана с использованием опросника STOP-BANG, переведенного на казахский язык. Материалы и методы исследования: было проведено обсервационное поперечное исследование группы, включающей 40 детей из города Астаны, у которых имеется избыточный вес либо ожирение различной степени от 6 до 17 лет. Проводилась антропометрия (измерение роста, веса, окружности шеи) и анкетирование с помощью опросника STOP-BANG, адаптированного на казахский язык. Полученные данные были анализированы с помощью Python. Количественные данные представлены в виде M±SD, для них использовался критерий Краскела Уоллиса. Для категориальных данных использовался точный критерий Фишера–Фримена–Холтона. применялся U-критерий Манна–Уитни. Различия считались статистически значимыми при p < 0,05. Результаты: средний и высокий риск СОАС выявлен у 30,0% детей с избыточной массой тела и ожирением. Статистически значимая связь с повышенным риском СОАС установлена только для храпа и дневной сонливости (p < 0,001), тогда как возраст, пол, SDS ИМТ, окружность шеи и степень ожирения этого не продемонстрировали(p > 0,05). При этом SDS ИМТ был статистически связан с наличием храпа (p = 0,026). Заключение: наиболее информативными показателями для оценки риска СОАС оказались храп и дневная сонливость, а модифицированный опросник STOP-BANG может использоваться как доступный инструмент первичного скрининга для отбора детей, нуждающихся в углублённой диагностике.