ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ КҮЙІП-ЖАНУЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ПРЕДИКТОРЛАРЫ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2026.86.1.029
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада цифрландыру үдерісінің жеделдеуі жағдайында жоғары оқу орындары педагогтерінің кәсіби күйіп-жануының әлеуметтік-демографиялық және цифрлық предикторлары жан-жақты қарастырылды. Зерттеудің мақсаты – оқытушылардың қабылданған стрессімен кәсіби күйіп-жану деңгейіне цифрлық факторлардың (экран уақыты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану жиілігі мен сипаты, онлайн сабақ жүктемесі) ықпалын айқындау. Эмпирикалық зерттеу барысында 61 педагогтің анкеталық деректері мен психологиялық тест нәтижелері талданды. Статистикалық өңдеу кезінде жыныс, жас және еңбек өтілі сияқты әлеуметтік-демографиялық айнымалылардың, сондай-ақ цифрлық белсенділіктің кәсіби күйіп-жану көрсеткіштерімен байланысы анықталды (p<0.05). Нәтижелер эмоциялық қажудың экран алдындағы ұзақ уақытпен және технологияны шамадан тыс пайдаланумен тікелей байланысты екенін көрсетті. Зерттеу қорытындылары педагогтердің психикалық саулығын сақтау үшін цифрлық ортада жұмыс пен демалыс тепе-теңдігін сақтау, цифрлық гигиенаны қалыптастыру және психологиялық қолдау бағдарламаларын жүйелі енгізудің өзектілігін дәлелдейді.