ИНКЛЮЗИВТІ ОРТАДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕТЕРМИНАНТТАРЫ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2026.86.1.034
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада инклюзивті білім беру процесінде педагогтердың эмоционалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайтын мəселелер мен мүмкіндіктері қарастырылған. Зерттеудің мақсаты инклюзивті білім беру жағдайында педагогтердың эмоционалдық тұрақтылығының қалыптасуын айқындайтын қауіп факторлары мен қорғаныс тетіктерін анықтауға бағытталған. Зерттеу əдістері: ғылыми əдебиеттерді талдау, эмпирикалық бақылаулар, инклюзивті білім беруге қатысатын педагогтерға сауалнама жүргізу жəне тестілеу, деректердіжинау мен өңдеудің сапалық жəне сандық əдістері жəне корреляциялық байланыстарды анықтау. Нəтижесінде ең маңызды сыртқы, ішкі жəне ұйымдастырушылық факторлар анықталды. Қорғаныс механизмдері ретінде өзін-өзі реттеу технологиялары, тəжірибе алмасу мүмкіндігі, біліктілікті арттыру, белсенді өмір салты, көмек сұрауға дайын болу айқындалды. Тестілеу нəтижелері инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін педагогтердың эмоционалдық тұрақтылық деңгейлерінің əртүрлілігін растайды, олардың басым бөлігі стресскетөзімділіктің орташа деңгейімен сипатталады. Алынған деректер инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін педагогтерда кəсіби қажу қаупі бар деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Корреляциялық талдау деректері аталған факторлардың педагогтердың эмоционалдық əл-ауқатына жəне кəсіби қажу əсерін көрсетеді. Инклюзивті білім берумен айналысатын педагогтерға жоғарыда аталған қауіп факторларының əсерін азайту үшін практикалық ұсынымдар əзірленді.