ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПЕДАГОГТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2026.86.1.031
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада инклюзивті білім беру жағдайында кəсіби қызмет атқаратын педагогтердің психологиялық денсаулығын зерттеуге арналған эмпирикалық зерттеудің нəтижелері ұсынылған. Зерттеудің өзектілігі ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс істейтін педагогтерге түсетін кəсіби, эмоциялық жəне психоэмоциялық жүктеменің артуымен байланысты, бұл күйзелістік жағдайлардың жəне кəсіби күйіп-жанудың даму қаупін күшейтеді. Зерттеудің мақсаты педагогтердің психологиялық денсаулығының ерекшеліктерін зерделеу, сондай-ақ қабылданатын стресс деңгейі, кəсіби күйіп-жану көрсеткіштері мен субъективті психологиялық əл-ауқат арасындағы өзара байланыстарды талдау болып табылады.Зерттеуге инклюзивті оқытуды жүзеге асыратын жалпы білім беретін ұйымдардың 100 педагогі қатысты. Диагностикалық құралдар ретінде психологиялық денсаулықты бағалау үшін General Health Questionnaire (GHQ-28), кəсіби күйіп-жануды анықтау үшін Maslach BurnoutInventory (MBI) жəне субъективті түрде қабылданатын стресс деңгейін өлшеу үшін Perceived Stress Scale (PSS-10) қолданылды. Деректерді статистикалық өңдеу сипаттамалық статистика жəне корреляциялық талдау əдістерін қамтыды.Зерттеу нəтижелері педагогтердің едəуір бөлігінде қабылданатын стресс деңгейінің орташа жəне жоғары екендігін көрсетті, бұл эмоциялық сарқылумен жəне психологиялық денсаулық көрсеткіштерінің төмендеуімен оң байланыста екені анықталды. Стресс инклюзивті білім беру жағдайында кəсіби күйіп-жанудың қалыптасуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі екені дəлелденді. Алынған нəтижелер педагогтердің психологиялық денсаулығын сақтауға жəне күйзелістік жағдайлардың алдын алуға бағытталған психологиялық қолдау бағдарламаларын əзірлеу мен енгізудің қажеттілігін айқындайды.