ӘСКЕРГЕДЕЙІНГІ ЖАСТАРДЫҢ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3106-7522.2026.1.1.002
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Әскергедейінгі жастардың дене дайындығы –еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуда, азаматтық жауапкершілікті арттыруда маңызды орын алатын әлеуметтік-әскери мәселе. Әскери қызметке тартылатын жастардың физикалық және психологиялық тұрғыдан даяр болуы олардың жауынгерлік қабілетіне, рухани тӛзімділігіне тікелей ықпал етеді. Бүгінде жастар арасында салауатты ӛмір салтын қалыптастыру, дене мәдениетін дамыту, әскери-патриоттық тәрбиені нығайту ӛзекті мәселеге айналып отыр. Осы мақалада әскерге дейінгі жастардың дене дайындығының ғылыми-теориялық негіздері қарастырылып, тәжірибелік зерттеу нәтижелері ұсынылады. Зерттеу барысында дене тәрбиесінің тиімді әдістері, арнайы дайындық бағдарламаларының мазмұны, қозғалыс белсенділігін арттыру жолдары жан-жақты талданады. Сонымен қатар, жастардың әскери қызметке психологиялық әрі физикалық дайын болуын қамтамасыз ететін педагогикалық шарттар анықталады. Жұмыстың нәтижесі жастардың дене дайындығы сапасын арттыруға бағытталған кешенді ұсыныстарды ұсынады. Бұл ұсыныстар жалпы білім беру мекемелері мен арнаулы оқу орындарында қолдану үшін практикалық маңызға ие.