ПЕНИТЕНЦИАРЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ МОТИВАЦИЯЛЫҚ СҰХБАТТАСУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2026.86.1.021
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада пенитенциарлық мекемелердің психологиялық қызметі іс-әрекетіндегі мотивациялық сұхбаттасудың рөлі және оны тұтқындармен жұмыста қолдану ерекшеліктері қарастырылады. Әдіс когнитивтік-мінез-құлықтық тәсілдегі үшінші толқында дайындалып жасалған. Зерттеудің өзектілігі оқшаулану жағдайындағы сотталғандардың жеке басының өзгеруіне, ішкі мотивациясын арттыруға, деструктивтік мінез-құлықтық формаларын төмендетуге және өздерінің өмірлік шешімдері үшін жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған тиімді психологиялық әдістерді енгізу қажеттілігімен байланысты түсіндіріледі. Зерттеудің мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарға психологиялық көмек көрсету және сүйемелдеу әдісі ретінде мотивациялық сұхбаттасуды қолдану мүмкіндіктерін теориялық талдау және негіздеу, сондай-ақ пенитенциарлық мекемелердің психологиялық қызметі іс-әрекетінде оның әлеуетін анықтау. Мақалада мотивациялық сұхбаттасуда кеңесшінің негізгі мақсаттары, міндеттері, дағдылары, стильдері ашылады. Пенитенциарлық ортаның ерекшелігін, психологиялық қорғау деңгейін, мамандарға сенімсіздік пен өзгерістерге төмен дайындықты ескере отырып, тұтқындармен мотивациялық сұхбаттасудың әдістемесіне ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, пенитенциарлық мекемедегі сотталушының ойлауын, мінез-құлқын өзгерту құралдары, әдістері және жауапты тәсілге бағыттылығы қарастырылады. Зерттеу нәтижелері пенитенциарлық мекемелер психологтарының жұмысында мотивациялық сұхбаттасуды қолдану сотталғандардың өз мінез-құлқына қатысты саналы мойындауын арттыруға, оң өзгерістерге ішкі мотивацияны қалыптастыруға, психологиялық әсерге қарсылықты төмендетуге және терапевтік альянсты нығайтуға ықпал ететінін көрсетті. Бұл әдісті қолдану қайталану және деструктивтік мінез-құлықтың алдын алу тиімділігін арттыруға, сондай-ақ тұтқындардың эмоциялық жағдайы мен бейімделу ресурстарын жақсартуға мүмкіндік береді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы пенитенциарлық мекемелердің психологиялық қызметінің іс-әрекетінде берілген теориялық ережелер мен әдістемелік ұсынымдарды қолдану мүмкіндігі болып табылады. Мақаланың материалдары психологтардың практикалық жұмысында, сондай-ақ пенитенциарлық психология саласында жұмыс істейтін мамандарды кәсіби даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінде қолданылуы мүмкін.