Қ. ЖҦБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӚБЕ ӚҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ» МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ФИЗИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ МЕН АНАТОМИЯЛЫҚ-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫН ТАЛДА

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3106-7522.2026.1.1.003
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бүгінгі таңда студенттердің қозғалыс белсенділігі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Техника мен технологияның дамуымен қатар жалпы белсенділік мониторингі жүргізілмейтінін де атап өтуге болады. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы №168 Жарлығында балалардың жағдайы туралы мәліметтер бойынша балалар мен жасөспірімдердің физикалық даму көрсеткіштері негізгі төрт параметр бойынша қабылданды: салмағы, бойы, кеуде қуысының шеңбері және динамометрия. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері жастардың денсаулығының нашарлауын тіркейді. Бірқатар зерттеушілер қозғалыс белсенділігінің жеткіліксіздігі жастардың ағзасына кері әсер ететінін атап көрсетеді. Бірінші курсқа түсетін студенттердің шамамен 10–15%-ында денсаулық жағдайында әртүрлі ауытқулар байқалады. Жыл сайын денсаулық жағдайы бойынша арнайы медициналық топқа жатқызылған бірінші курс студенттерінің саны артып келеді. Мұның бәрі соңғы 10 жылдағы балалар мен жасөспірімдердің физикалық деградация проблемасын көрсетеді. Акселерацияның орнына дезакселерация келді. Бірқатар зерттеулерде 1-курс студенттерінің физикалық дайындығының өте төмен деңгейі және олардың физикалық қасиеттерінің біркелкі дамымауы байқалады. Жастардың аурушаңдығының өсуіне және физикалық даму деңгейіне әсер ететін факторлардың ішінде мотор белсенділігінің жетіспеушілігін атап өткен жөн, сондықтан студенттердің физикалық даму көрсеткіштерінің нашарлауы байқалады. Дене белсенділігінің жетіспеушілігі көптеген студенттер арасында байқалады. Мәліметтер бойынша оқу сабақтары кезінде студенттердің қозғалыс белсенділігі 56–65%, ал емтихандар кезінде және демалыс уақытында оның деңгейі 39–46% құрайды.