ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДА ТҰЛҒАЛЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК ТҮСІНІГІ ЖƏНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2026.86.1.008
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Сəйкестілік мəселесі қазіргі психологиядағы өзекті мəселелердің бірі. Соңғы жылдары бұл бағыт ерекше қарқынмен дамып келеді: жаңа теориялық модельдер ұсынылып, жаңа үлгідегі сауалнамалар құрастырылып, кеңінен қолданылуда. Зерттеулер ауқымы да айтарлықтай кеңейді, олар тек үрдістер, өлшемдер мен стильдер арасындағы өзара байланыстарды талдаумен шектелмей, сəйкестіліктің қалыптасу барысындағы даму траекторияларын, сондай-ақ оның алғышарттары мен салдарын да қамтиды. Бұл мақалада қарастыралатын модельдердің басым бөлігі соңғы бірнеше жыл ішінде жан-жақты зерттелген. Тұлғалық сəйкестіліктің жаңа модельдері сəйкестіліктің қалай қалыптасатынына (үрдіске бағдарланған модельдер, сəйкестілік стильдері), сəйкестілік мазмұнына (нарративті сəйкестілік) немесе осы екі бағытты қатар қамтуға (мысалы, үрдіске бағдарланған парадигма аясында сəйкестіліктің əртүрлі салаларын зерттеу) басымдық береді. Сонымен қатар, адамның өз əлеуетін тану арқылы өзінің сəйкестілігін анықтауға негізделген бағыт та бар, ол эвдемониялық сəйкестілік деп аталады.