АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАҒАЛАУ ҮДЕРІСТЕРІН АВТОМАТТАНДЫРУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2026.93.1.010
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Кибершабуылдар санының тез өсуі және олардың құрылымының күрделенуі жағдайында ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін объективті және жедел бағалау қажеттілігі артады. Зерттеудің мақсаты корпоративтік және мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі қауіптерді талдаудың дәлдігін, қайталануын және тиімділігін арттыруға бағытталған тәуекелдерді автоматтандырылған бағалау әдістемесін әзірлеу және сынақтан өткізу болып табылады. Зерттеудің әдістемелік негізі ISO/IEC 27005, NIST SP 800-30 және FAIR моделінің халықаралық стандарттарына негізделген сандық және сапалық талдау әдістерінің жиынтығын қамтиды. Құралдар ретінде осалдықтарды автоматтандырылған бақылау және тестілеу жүйелері қолданылды – OpenVAS, Zabbix, Metasploit және RiskWatch. Нәтижелердің дұрыстығын статистикалық тексеру үшін Python 3.12 (NumPy, Pandas, SciPy) есептеу ортасында жүзеге асырылған Монте-Карло әдісі қолданылды. Жұмыстың ғылыми жаңалығы мониторинг құралдарымен математикалық модельдеу әдістерін біртұтас жүйеге біріктіретін тәуекелдерді бағалаудың интеграцияланған моделін жасау болып табылады. Зерттеудің практикалық құндылығы тәуекелдерді үздіксіз мониторингтеумен бейімдеп басқаруды іске асыру үшін GRC және SIEM корпоративтік жүйелеріне ұсынылған әдістемені енгізу, сондай-ақ киберқауіпсіздік және цифрлық тәуекел-менеджмент жөніндегі мамандарды даярлау кезінде білім беру және зерттеу қызметінде қолдану мүмкіндігінен тұрады.