ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ФЕЙКТЕРДІҢ ТАРАЛУЫН САНДЫҚ МОДЕЛЬДЕУ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2026.93.1.017
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада әлеуметтік желілерде жалған (фейк) ақпараттың таралу үдерісін сипаттайтын 𝑆𝐼𝐻𝑅 математикалық моделі қарастырылады. Ақпарат таратуды уақытша тоқтатқан, бірақ есте сақтау механизмдерінің арқасында кейіннен белсенділікке оралуы мүмкін «ұйықтап жатқан» пайдаланушылар тобының бар болуы – зерттеудің айрықша ерекшелігі болып саналады. Динамикалық процестің есте сақтау параметрлері мен ақпаратты таратудан бас тарту коэффициентінің әсерін бағалау үшін бірқатар сандық тәжірибелер жүргізілді. Модельдің параметрлерінің әртүрлі мәндері үшін уақытқа байланысты топ тығыздығының графиктері құрылды. Нәтижесінде, жалған ақпаратпен күресудің ең тиімді жолы – ақпаратты таратудан бас тарту жылдамдығын арттыру. Сондай-ақ, өздігінен және мәжбүрлі түрде еске түсіру процестері желідегі қауесеттің қызмет ету мерзімін айтарлықтай ұзартатыны және өздігінен еске түсіру параметрі жүйенің соңғы күйін айқындайтыны анықталды.