СТУДЕНТТЕРДІҢ ПРОГРАММАЛАУ ЕСЕПТЕРІН ШЕШУ КӨРСЕТКІШІН БАҒАЛАУ МОДЕЛІ

2025

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5894.2026.93.1.027
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргіжоғары оқу орындарында программалауды оқыту барысында студенттердің тек соңғы алынған нәтижесін ғана емес, есепті шешу үдерісінде көрінетін танымдық және алгоритмдік әрекеттерін бағалау өзекті мәселе болып табылады. Зерттеудің мақсаты —студенттердің программалау есептерін шешу көрсеткіштерін педагогикалық тұрғыдан жүйелеп, оларды сандық өлшемдер арқылы бағалауға мүмкіндік беретін бағалау моделін ұсыну. Зерттеудің міндеттері студенттердің есепті шешу барысында көрінетін негізгі көрсеткіштерді анықтау, оларды бағалау критерийлерімен байланыстыру және ұсынылған модельдің тиімділігін эксперименттік тұрғыда тексеру болып табылады.Зерттеу әдіснамасы педагогикалық экспериментке және сандық талдау әдістеріне негізделді. Экспериментке Python программалау тілі бойынша білім алатын 94 студент қатысты. Студенттерге қиындық деңгейі әртүрлі (жеңіл, орта және күрделі) программалау тапсырмалары ұсынылып, олардың шешімдері есепті түсіну, алгоритмдік ойлау, дұрыстық, тиімділік, код сапасы, шеттік жағдайларды өңдеу және шешімді түсіндіру қабілеті сияқты жеті педагогикалық көрсеткіш бойынша бағаланды. Сонымен қатар, бағалау барысында есептің қиындық деңгейін ескеретін қиындық коэффициенті енгізілді.Зерттеу нәтижелері есептің күрделілік деңгейі артқан сайын студенттердің дұрыс шешу көрсеткіштері төмендейтінін және бұл төмендеу негізінен алгоритмнің тиімділігі, шеттік жағдайларды өңдеу және шешімді түсіндіру сияқты жоғары деңгейлі көрсеткіштермен байланысты екенін көрсетті. Ұсынылған бағалау моделі студенттердің программалау есептерін шешу қабілетін кешенді түрде талдауға және дәстүрлі бағалау тәсілдерімен салыстырғанда олардың оқу жетістіктерін тереңірек бағалауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері программалауды оқыту үдерісінде бағалаудың педагогикалық негізделген жаңа тәсілдерін дамытуға үлес қосады.