VALUE CHANGES IN ENGLISH PHRASEOLOGY: A CORPUS-DISCOURSE ANALYSIS

2026

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52081/phsj.2026.v13.i1.070
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала қазіргі ағылшын тіліндегі фразеологиялық бірліктердің бағалауыштық (аксиологиялық) мазмұнындағы трансформациялық процестерді эмпирикалық мәліметтер негізінде кешенді түрде зерттеуге арналған. Зерттеудің негізгі мақсатықоғамдық құндылықтардың өзгеруіне байланысты фразеологизмдердің семантикалық құрылымында орын алатын аксиологиялық динамиканы анықтау. Жұмыс барысында British National Corpus (BNC) және Corpus of Contemporary American English (COCA) деректеріне корпустық-дискурстық талдау жасау арқылы фразеологиялық бірліктердің контекстуалдық және прагматикалық ерекшеліктері сараланды. Зерттеу нәтижелері фразеологизмдердің бағалауыштық семантикасының тұрақты емес, әлеуметтік трансформациялар мен цифрлық коммуникацияның ықпалымен құбылып отыратынын дәлелдеді. Автор ағылшын тіліндегі жаңа фразеологиялық модельдердің қалыптасу үрдісін және олардың медиа-дискурстағы қызметін сипаттайды. Алынған ғылыми қорытындылар фразеологиялық жүйенің динамикалық табиғатын айғақтай отырып, тіл мен қоғамдық сананың өзара байланысын тереңірек түсінуге, сондай-ақ когнитивтік лингвистика мен лингвомәдениеттану салаларын жаңа деректермен толықтыруға мүмкіндік береді.